$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда Крещение мейрамында суға түсетін ойықтардың қай жерде болатыны анықталды

Суға түсу орындары маңына сауда орындары орнатылып, қауіпсіздікті қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметінің және Полиция департаментінің қызметкерлері қамтамасыз етеді.
фото: 360tv.ru
фото: 360tv.ru

Нұр-Сұлтанда Крещение мейрамында жаппай суға түсуге арналған орындар анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Православ христиандары 18, 19 қаңтарда «Крещение Господня» мейрамын атап өтеді. Бұл орайда, Есіл өзенінің бойында бірнеше суға түсуге арналған орындар әзірленеді. Оң жағалауда М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы мен «Гранд Алатау» тұрғын-үй кешенінің маңындағы өзен жағалауында және сол жағалауда «Столичный» саябағы маңындағы жағалауда суға түсуге арналған орындар дайындалады» делінген хабарламада.

Сонымен, 18 қаңтарда сағат 19.00-де «Крестный ход» діни рәсімі аясында діни қызметкерлер мен шіркеуге келушілер Константин-Еленин соборынан Есіл өзенінің жағалауына дейін жаяу жүріп өтеді.

«Суға түсуге арналған орындар 18 қаңтар сағат 20.00-де ашылып, 20 қаңтар сағат 00.00-ге дейін, ал 19 қаңтар күні сағат 08.00-01.00 аралығында жұмыс істейді. Тұрғындардың ыңғайы үшін суға түсу орындары маңына сауда орындары орнатылып, қауіпсіздікті қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметінің және Полиция департаментінің қызметкерлері қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, жедел жәрдем көліктері де кезекшілік жасайды. Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында балалар, суға түсуде тәжірибесі жоқ адамдар, егде жастағы қарттар, денсаулығы нашар жандар, ішімдік ішкен адамдардың суға түсуі қауіпті екенін айта кеткен жөн»,- дейді әкімдік өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары