$ 447.4  477.55  4.76

«Қазақстанның ұлағатты ұстазы» атанып, кеудеге медаль тағу үшін 18 мың теңгеңіз болса жеткілікті

Тек ұятыңыз сәл аздау болса болғаны...
Фото: Жас Алаш
Фото: Жас Алаш

«KAZBILIM» орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлы білім саласындағы былықты жайып салды. Әлеуметтік желіде педагогтар мен білім беру саласына немқұрайлы қарамайтындығын жеткізіп, пост жариялаған ол, ұстаздардың кеудеге медаль тағуы үшін небәрі "18 мың теңге жеткілікті" екендігін меңзеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, жазба авторының парақшасына сілтеме жасап.

"Марапат - бизнес. Арзан атақ.
"Қазақстанның ұлағатты ұстазы" атанып кітапқа еніп, кеудеге медаль тағу үшін 18 мың теңгеңіз болса жеткілікті. Тек ұятыңыз сәл аздау болса болғаны...

Ақпараттық хатты сауатты жаза алмай жүріп, Қазақстанның талантты педагог қызметкерлерін анықтағалы жүргендер кімдер?", - деп көпшілікті ойландырар сұрақ қойған оның бұл сауалына өзіндік пікірлерін білдіргендердің қарасы қалың.

Мәселен, оқушылардың таным көкжиегін кеңейтуге үлес қосып жүрген оның жазбасы астына көпшілік мынадай пікір қалдырды:

 

Осы пікірлерге үңілсек, желі белсенділерінің пайымдауынша, "Сұраныс болса, ұсыныс болады" екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ұстаз #медаль