$ 494.87  520.65  4.91

«Шыңғыс хан – моңғол емес, өз бабамыз»: жазушы Думан Рамазан да ұлы қағанды бөтенсімейді

«Атақты тарихшы Рашид ад-Дин моғолдардың керейлер, наймандар, қоңыраттар, дулаттар, жалайырлар, албандар, суандар секілді рулар екенін көлденең тартады».

Жазушы, драматург Думан Рамазан facebook парақшасына Шыңғыс ханға қатысты көлемді пост жазды. Бұл даулы тақырып бойынша ол өзін Мұхтар Мағауин жағына қойып, ұлы қағанды түркілерге ортақ өз бабамыз деген тоқтамға келген, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Порталдың ақпараттық екенін ескеріп, қаламгердің сол жазбасынан негізгі детальдарды алып көрмекпіз. Ал толық нұсқасы – жоғарыдағы сілтемеде.

Сонымен, Думан Рамазан осы жазбасында Шыңғыс ханға алдымен қазақ руларын жақындастырған.

«Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның: «Жетісудың сол кездегі саяси атауы – Моғолстан болса, ал оны мекендеген халықты ресми түрде моғол деп атады. Бұл моғол деп отырған көшпелі тайпалар моңғол да емес, өзбек те емес, ұйғыр да емес, түрік тілінде сөйлейтін сол жердің тарихи заманынан келе жатқан тұрғын халқы болатын. Екінші түрде айтқанда, моғол деп атаған елдер кейін ұлы жүз құрамына кірген үйсін мен дулаттар, қаңлы мен шанышқылы, жалайырлар» деген сөзінің жаны бар», - деп бір түйсе, келесі мысалға атақты тарихшы Рашид ад-Диннің сөзін алған:

«Ал енді атақты тарихшы Рашид ад-Дин моғолдардың керейлер, наймандар, қоңыраттар, дулаттар, жалайырлар, албандар, суандар секілді рулар екенін көлденең тартады», - деп.

Бұған Шыңғыс хан империясының бас қолбасшысы болған Мұқали бақадүрдің жалайыр руынан шыққанын да қосып қойды жазушы. Алайда, Шыңғыс ханды қазақ деп басыбайлы «жекешелендіріп» алуға да болмайтынын, ол – бүкіл түркі халықтарына ортақ ұлы тұлға екенін ескерткен.

«Шыңғыс ханның түркі тілінде сөйлегенін айтады ғалымдар. Тіпті керек десеңіз, қазіргі моңғолдар жүгініп жүрген «Моңғолдың құпия шежіресі» де моңғол тілінде жазылмаған. Оны аударған орыс ғалымдары көп қателіктер жіберген, әдейі бұрмалап жібергені анықталып жатыр бүгінгі таңда», - деген Думан Рамазан жазбасын «Олай болса, Шыңғыс ханның қазаққа да еш жаттығы жоқ, өз бабамыз» деп аяқтап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары