$ 447.4  477.55  4.76

Еркектер әйелінің омырауын өзгерту үшін операция ақшасын төлеуге дайын

Арулар сымбатты пішінге қол жеткізу үшін пышаққа түсуден тайынбайды екен.
Фото: кадрдан скриншот
Фото: кадрдан скриншот

Жастардың тән сұлулығына жаппай жұмылуына себеп - "әлеуметтік желідегі жарнама" дейді мамандар. Ал сәтсіз операциядан опық жеп, бармағын тістеген жас арулар көбейіп барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Дүрдиген ерін, тартылған бет, үлкейтілген омырау! Дәл осы пластикалық операциялар нағыз бюти-трендтке айналған секілді. Арулар сымбатты пішінге қол жеткізу үшін пышаққа түсуден тайынбайды екен. Мәселен, Карина есімді бойжеткен омырауына имплантант салдырғаннан кейін, инста әлемде танымал бола бастаған. Кеудесін үлкейткен оның сенімділігі артып, өзін сұлу сезіне бастапты.

"Мен әлеуметтік желіде басымнан өткен оқиғалар жайлы жиі баяндап тұрамын. Омырауыма ота жасатқанымда негативті пікірлерге тап болдым. Ұят дегендей пікірлер жазылды", - дейді инста-жұлдызы.

Сандарға сенсек, елімізде жыл сайын шамамен 2 мыңға жуық қыз-келіншек дене пішінін өзгертеді. Жаратқан берген тәнінің кем-кетігін түзетуге кейде жолдастары да ықпал етеді, дейді мамандар. Тіпті, олар отаның құнын төлеуге дайын екен.

"Ер азаматтар өздері келіп омыраудың формасын, пішінің таңдайды. Қазір отаға қатысты ақпарат интернетте көп. Сондықтан да бізге келген бойда түрін, формасын бәрін есептеп нақтылап айтады", - деп мәлімдеді хирург Медет Төлеубаев. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары