$ 446.49  475.38  4.79

«Әкімдік, біздің аймаққа трактор жіберіңіз»: жас жігіт тазартылмаған қардың жырын домбырамен жеткізді (ВИДЕО)

«Қолға домбыра емес, күрек алса болады ғой. Кезінде осындай мәселе үшін шағымданбайтынбыз, керісінше, қолға күрек алып, өзіміз кірісіп кететінбіз. Қолыңа күрек ал да, іске кіріс, текке ән салмай»,  «Қардың қалың жауғанына қуану керек қой, жазда егін жақсы болады», - деп ашуланды олар.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

@eto_astana_detka Instagram-парақшасы жас жігіттің әкімдікке домбыраның сүйемелдеуімен үндеу жолдаған видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Егер тазартылмаған қар туралы шағымыңыз осындай креативті болмаса, жібермей-ақ қойғаныңыз жөн», - деп жазады автор.

Видеода Фархад есімді жігіт белден келетін қардың ортасында тұрып, әкімдіктен жолды тазартып беруін сұрады.

«Әкімдік, біздің аймаққа трактор жіберіңіз», - деп ән салды ол.

Желі белсенділері видеоның ШҚО, Көкпекті ауылында түсірілгенін айтып отыр.

Пікір қалдырушылар жазба астында музыкантқа қолдау білдірді.

«Ауылға техниканы жіберіңіз», «Бір трактор жетпейді-ау деймін», «Байғұстар, не жыларын, не күлерін білмей дал», «Қаншама миллиардтар бөлініп жатыр, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, арнайы техника қайда? Жауап біреу - шенеунік Lexus мініп жүр», «Өте ұтымды үндеу екен», «Шешілмеген мәселеге креативті көзқарас», - деп жазады олар.

Пікір білдірушілердің арасында жігітті айыптаған адамдар да болды.

«Қолға домбыра емес, күрек алса болады ғой. Кезінде осындай мәселе үшін шағымданбайтынбыз, керісінше, қолға күрек алып, өзіміз кірісіп кететінбіз. Қолыңа күрек ал да, іске кіріс, текке ән салмай»,  «Қардың қалың жауғанына қуану керек қой, жазда егін жақсы болады», - деп ашуланды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары