$ 494.87  520.65  4.91

Шет елге шыққанда ескеретін 6 мәселе

Саяхатта жүргенде паспортты, ақшаны, телефонды қайта-қайта тексереміз.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

1. Ақшаны ешқашан әуежайда ауыстырмаймыз. 10-15 долларға желінесіз. Әуежайдан қалаға жету үшін билет алатын болсаңыз, картамен төлеген дұрыс. Банк конвертациясындағы айырмашылық 1-2 доллардан аспайды.

2. Портманеде 3x4 фото болғаны жөн. Себебі әуежайда виза беретін елдерде фото сұрайды. Әуежайда да фотоға түсіретін кабинкалар бар. Бірақ ондағы баға қымбат.

3. Саяхатта жүргенде таксистер, сувинер сататындар, қолыңызға жіп байлап "сәттілік шақыратындар", бір қағазға қол қоюды өтініп, көмек сұрайтындар тоқтатуы мүмкін. Тоқтамаймыз, ауызымызды ашпаймыз. Әңгіме айтпаймыз. Ұқпағансып өте шығамыз.

4. Саяхатта алтын алқа, жүзік, сырға бәрін елде қалдырамыз. Ұрлықшылардың бірден көзіне түседі және олардың таргетіне айналуыңыз мүмкін. Ақшаларды әр жерге бөліп салып алыңыз.

5. Саяхатта жүргенде паспортты, ақшаны, телефонды қайта-қайта тексереміз. Өте сенімді жерге сақтаймыз. Бұл үш зат жоғалса, саяхатыңыздың күл-талқаны шығады. Картаңызда қайтар жолдың билеті деп сақталған артық ақша болғаны жөн. Рейстен кешігіп не басқа бір жағдай болып қалса, қажет болады.

6. Кез келген қалада ұшақтан түскен бойда кедендік бақылаудан өтетін жаққа барынша жылдам жетіп алыңыз. Себебі бірнеше рейс бір уақытта келсе, паспорт бақылаудан (passport control) өтіп, паспортқа мөр басатын сәтті көп күтіп, кезекте ұзақ тұрып қаласыз. 

Руслан Меделбектің Facebook-парақшасынан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары