$ 446.49  475.38  4.79

Нұр-Сұлтандықтар желдің ұйытқуына төтеп бере алмай жатыр (ВИДЕО)

«Үйде отырыңыздар! Құдай сақтасын, бір жамандыққа ұшырап қаларсыз», «Жұмыс күнін қысқарту керек», «Үйден шыққан бойда мен де ұшып кете жаздадым», - деп шуласты олар.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Instagram-ның @v_astane_official парақшасында елорда тұрғындарының боранға қарсы тұра алмай, құлап жатқан видеосы жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Астаналықтарды жел ұшырып барады! Сақ болыңдар!», - деп жазды автор.

Видеода екі қыздың жолға қалай жетуге тырысқанын, бірақ желдің ұйытқуынан құлап жатқанын анық көруге болады. Олар айқайлап, шулап жүр.

Пікір қалдырушылар астаналықтардың жағдайына алаңдап, олардан үйден шықпауын сұрады.

«Үйде отырыңыздар! Құдай сақтасын, бір жамандыққа ұшырап қаларсыз», «Жұмыс күнін қысқарту керек», «Үйден шыққан бойда мен де ұшып кете жаздадым», - деп шуласты олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары