$ 447.4  477.55  4.76

Жергілікті билік Нұр-Сұлтан қаласының басшыларына бүгінгі жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

Олар жоғары оқу орындарының студенттері үшін сабақтарды тоқтатуға, жұмыс берушілерге 2020 жылдың 27 қаңтарына жұмыс кестесін қайта қарап, қысқартуға кеңес берді.
фото: baigenews.kz
фото: baigenews.kz

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов, ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов және қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ауа райының бірден нашарлауына байланысты, тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, олар жоғары оқу орындарының студенттері үшін сабақтарды тоқтатуға, жұмыс берушілерге 2020 жылдың 27 қаңтарына жұмыс кестесін қайта қарап, қысқартуға кеңес берді.

«Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бармаған жөн. Дегенмен, балабақшалар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр» делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, біз осының алдында ғана ауа райының күрт нашарлауына байланысты, елорда шетіндегі ауыл тұрғындарының үйлеріне жете алмай, жолда қалғандарын жазған болатынбыз. Сондықтан мамандар халыққа қаладан шықпауға, қоғамдық көліктермен жүруге кеңес беріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары