$ 443.85  474.3  4.8

«Мына киімді әкемнен қорыққандықтан киіп жүрмін» - хиджаб киген 13 жастағы қыздың жанайқайы

Анам байғұс 5 уакыт намазын қаза қылмаса да, ниқкап кимей бетін ашық ұстағаны үшін әкемнен талай рет соққы да жеді. Сонда да жанұяны сақтап қалуға тырысып, ешкімге сыр бермей келеді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Хиджаб киген қаршадай қыз псевдосәләфит әкесі туралы бар шындықты жайып салды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсендісі Ермек Құрманғалитегі Facebook-парақшасында 13 жастағы қыздың мәжбүрлі түрде хиджаб киіп жүргенін жазды. Әкесі теріс ағымда екенін біле тұра ол ата-анасының ажырасқанын қаламайды екен.

"-Аға, мен өзіме қол жұмсап өлгім келеді,-дейді көз жасын тия алмай ботадай боздап жылаған, хиджап киген Зайнап есімді 13 жастағы қаршадай қыз.

-Мына киімді әкемнен қорыққандықтан киіп жүрмін. Егер сабақтан келгенде мектеп формасын мына хиджабқа ауыстырып кимесем, әкем анамды кінәлап, талақ тастаймын сендей әйелді деп қорқытады. Сенің қызыңа дұрыс тәрбие бермегенің үшін ертең тозақта жанатын жайым жоқ деп шешемді кіналап шығады. Сондықтан олардың мен үшін ажырасып кеткенін қаламаймын. Менен кейін бір сіңлім мен бауырым бар. Анам байғұс 5 уакыт намазын қаза қылмаса да, ниқкап кимей бетін ашық ұстағаны үшін әкемнен талай рет соққы да жеді. Сонда да жанұяны сақтап қалуға тырысып, ешкімге сыр бермей келеді. Әкеміз жоқта шешем бізге қыз баланың тәрбиесі туралы ақыл-кеңесін айтып, әкеміздің дұрыс дінде еместігін айтып түсіндіреді. Соңғы 5 жылда мектептегі ешқандай іс-шараларға, меркелерге қатыспаймын. Менің де саханаға шығып ән салғым келеді. Квн-ға қызығамын. Бірақ әкемнен қорқамын.Сыныптастарым да маған үрке қарайды. Айжан есімді жалғыз құрбым бар еді. Оның да ата-анасы мені «салафиттің қызы» деп менімен араласуына тыйым салып тастады.

Үйімізде теледидарды әкем «шайтанның айнасы» деп далаға лақтырып жіберген. Смартфон деген телефонды тек әкеміздің қолынан ғана көреміз. Сабақтан бос уакытымызда әкем үшеумізді бөлмеге қамап қойып әртүрлі уағыздарды тыңдатып, намаз оқуға мәжбүрлейді. Үйде сабақ оқуға, алаңға шығып ойнауға қатаң тыйым салған. Мектепте дене/шынықтыру, музыка пәндеріне қатыспаймыз. Мұғалімдер өтірік баға қойып, сыныптан сыныпқа көшіріп келеді. 10жастағы інім өскенде полиция қызметкері болуды армандайды. Осы арманын әкемізге айтқаны үшін оңбай таяқ жеп, қамшының астында қалды. Әкемнің айтуынша қорқақ кәпірлер ғана полиция болады екен.

Естуімше әке-шешем біз өмірге келмей тұрып намаз оқуды үйренген екен. Әкем сақалын өсіріп, қысқа балақты шалбар кигенге дейін біздің үйде барлығы да жақсы болатын. Қазір де анамды өте жақсы көретіндігі білініп қалады кейде. Анам да әкемді қиғысы келмейді. Түзелер деген үмітпен күндер өткізуде. Бірақ әкеміз күннен күнге өзгеріп барады. Өткен жолы қайтыс болған жақын ағамыздың жаназасына да, топырақ салуға да оны намаз оқымаған адам деп бармай қойды. Бірақ анам барып, ұялғанынан төбе көрсетіп қайтты", - делінген жазбада.

Қыздың айтуынша, әкесі оны 11 сынып бітірген соң, өзі сияқты біреуге тұрмысқа бермек. Осыдан соң оның дінге деген жек көрініші өршіп тұр. Тіпті өмірінен бас тартуға бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары