$ 494.87  520.65  4.91

«Қандай қасірет еді...»: Таразда 11 баласы қараусыз қалдырған ата-ана әкімдікке көмек сұрап барды (ВИДЕО)

Көз жасын тыя алмай отырған кемпірінің бетінен сүртіп, «Жыламашы, жаным! 18 жасында қолыма қондырған аққуым ғой», - деп жұбатып қояды ата.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Маржан Рақай есімді желі қолданушы facebook парақшасына Тараз қаласының әкімінен көмек сұрай келген көпбалалы ата-ананың видеосын жариялады. Әкімдікте ағыл-тегіл болып жылап отырған бұл қос қарияға бір емес, екі емес, білдей 11 баласы қарайласпай кеткен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қариясын қарамай, қалдырып, қаңғытып кеткен қазақтар. 11 бала туып, өсіріп, қанаттандырған қарттар бұл! «Бірі әкім, бірі президент болады деп, ешқайсысының бетінен қақпай өсірдім», - деп егіледі кейуана. «Біреуіне де қол көтеріп, тәйт демедім», - деп қария езіледі.

Жүрегім жұлынып кетердей болдым-ау! Бұл не сұмдық болды, Аллам-ай?! 11 балаң бола тұра, осы жасқа келгенде қараусыз қалған деген қандай қорқынышты, қандай қасірет еді... Қазақ мұндай болмаса керек-ті... Кім болып кеттік, қайда барамыз? Осы қарттардың көз жасы, наласы жібере ме бізді, көгерте ме ұрпағын?

Бірін-бірі сүйрелей, бірін-бірі демеп, Тараз қаласының әкімінен көмек сұрай келіпті. Қайтсін енді?..

Көз жасын тыя алмай отырған кемпірінің бетінен сүртіп, «Жыламашы, жаным! 18 жасында қолыма қондырған аққуым ғой», - деп жұбатып қояды ата.

Кешіріңіздерші бізді. Біз сондай тасбауыр болып барамыз... Жәніім апа-ай...» деп жазды Маржан Рақай.

Жазба астына пікір қалдырған көпшілік те «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген» қайырымсыз, қатыгез 11 баланың кесірінен болған мына сұмдық жағдайды көріп, жағаларын ұстады.

«Өкінішті, өте өкінішті! Сонда анау ұл-қыздары қалай ел-жұрттың көзіне қарайды екен? Қалай мына қара жердің үстінде табан тіліп жүр екен?», «Ит екен балалары! Басқа сөзім жоқ», «Алла-ай, балаларының өз бастарына келсін, санасыздар!», «Қатындарының соңынан кеткен-ау, сүмелек ұлдары!», «Айуан ұл-қыздардың атын атап, түсін түстеп көрсету керек. Жекжат-жұрағаты танып, теріс айналуы үшін. Сонда жалғыздықтың дәмін татады. Басына түспейтіндей көрінетін шығар оларға. Қоғам дертін осылай қоғам боп емдеу керек», «Бір ата-ана он баланы баға алады, он бала жабылып, бір ата-ананы баға алмайды. Еее, «Бір кем дүниие» деп ашуланды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары