$ 494.87  520.65  4.91

«Таяқ та жедім»: домбыраны еденге ұрып сындырған өзге ұлт өкілі қазақтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Домбыраға жасалған мынау сорақылық пен қиянат тікелей қазаққа, қазақтың өнеріне, тарихы мен болмысына, рухына жасалған қиянат деп қабылдаймыз.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Қазір әлеуметтік желіде өзге ұлт өкілінің домбыраны сабалап, секіріп тұрып ән айтқансып, артынша оны еденге ұрып сындырған видеосы қызу талқыланып жатыр. Қазақ ұлтына осылайша құрметсіздік танытқан бозбала кейін сол қылығы үшін видеоүндеу арқылы кешіріп сұрады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бұл бір жарым жыл бұрын болған. Мен ол кезде не істеп, не қойғанымды білмейтін күйде едім. Жасаған қылығымды кейінірек видеодан көргенде бір-ақ түсіндім. Мен сол кезде кешірім сұрап, жасағаным үшін жауап бергенмін. Таяқ та жедім», - дейді ол.

Алайда, таяуда біреу сол видеоны желіге қайтадан салып жіберіпті. Ал көпшіліктің оған деген бұл жолғы ашу-ызасы былтырғыдан да өршіп кеткен.

«Мен бұл әрекетім үшін ұяламын. Қазақ халқынан шын ниетіммен кешірім сұраймын. Кешірулеріңізді өтінемін!» - дейді жалынышты кейіптегі бозбала.

Өйтетін себебі, бүгін Уайс Ерсайынұлы деген азамат facebook парақшасында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан қазақ ұлтының намысын қорлап, ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін ол бұзақыны ҚР Қылмыстық Кодексінің 174-бабымен жауапқа тартуды сұраған болатын.

«Құрметті министр мырза!
Сізді төмендегі қазақ ұлтына қарсы жасалған, қазақтың сан ғасырлық өнерінің баға жетпес құндылығына айналған қасиетті домбыраны тасталқан етіп, нанымызды жеп, суымызды ішіп отыра осындай сорақылық процедураларды тудырып отырған мынау суреттегі азаматтарды ұлтаралық кикілжің мен араздық жасап отырғаны үшін, қазақ халқының намысын таптап отырғаны үшін қазақ халқының атынан жаза кесуді әрі сол жазаның халық алдында орындалуын талап етеміз.

Қазақта «Қазақ – нағыз қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген қанатты сөз бар. Домбыраға жасалған мынау сорақылық пен қиянат тікелей қазаққа, қазақтың өнеріне, тарихы мен болмысына, рухына жасалған қиянат деп қабылдаймыз. Біз ешқашан ұлтқа қарсы жасалған мынадай сорақылықты көтере алмаймыз. ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес бұлардың жазасын алуын талап етеміз», - деген еді намысты азамат.

Ал одан кейін домбыраның быт-шытын шығарып шашып тастаған сабаздың кешірім сұрағанын өз парақшасына Руслан Түсіпбеков деген азамат жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары