$ 524.65  552.19  5.14

Қордайдағы қақтығыс: 18 адам шекарадан өтіп, Қырғызстан ауруханасына барған

Ал Қырғызстанның шекара қызметі зардап шеккен азаматтарды қалай өткізгенін түсіндірді.
Фото: Sputnik Казахстан
Фото: Sputnik Казахстан

Қордай ауданында болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған 18 адам шекарадан өтіп, Қырғызстан ауруханасына барған. Бұл ақпаратты Тоқмақ аурухананың басшылығы растап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Біздің көмегімізге жүгінген адамдардың айтуынша, барлығы ақпанның 7-сінен 8-іне қараған түні Масанчи ауылында болған жаппай төбелес кезінде жарақат алды. Сегіз адам алғашқы медициналық жәрдемнен кейін амбулаториялық емдеуге ауыстырылды. Олардың арасында бір Қырғызстан азаматы бар", - дейді дәрігерлер.

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның 10 азаматы ауруханада жатыр. Олардың ішінде 8 адам Тоқмақ аумақтық ауруханасының травматология бөліміне, ал екеуі Бішкек қаласындағы ұлттық госпитальдің көз микрохирургиясы бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы орташа, барлық медициналық көмек көрсетілуде.

Ал Қырғызстанның шекара қызметі зардап шеккен азаматтарды қалай өткізгенін түсіндірді.

"Барлығында тиісті құжаттар болған. Онсыз өткізбейтін еді. Жеке құжаттары болса және шекарадан өтуге шектеу болмаса, адамды өткізе береді. Сосын коронарвирусқа тексеріс жасалғаннан кейін олар Қырғызстан аумағына жіберілген", - деді шекарашылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары