$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде құс фабрикасының жүзге жуық жұмысшысы наразылыққа шықты

Фабриканың банк алдында 300 миллион теңгедей несиесі тағы бар. Сондықтан банк компанияның шоттарын жауып тастаған.
фото: inbusiness.kz
фото: inbusiness.kz

Ақтөбеде құс фабрикасының жүзге жуық жұмысшысы наразылыққа шықты. Сөздерінше, басшылық соңғы айдың жалақысын төлей алмай отырғаны аздай, енді 85 адамды екі айға ақысыз демалысқа кетуге мәжбүрлеп отыр екен. Не жалақысыз, не жұмыссыз далада қалған жұмысшылар бүгін әкімдіктен араша сұрап келді, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Банк шотты жауып тастаған. Біздің талабымыз шотты ашып, бір айлық адамдардың жалақысын берсін дейміз. Соны ашылмайды, 2-3 айға дейін жабық болады дейді. Біздің бәріміз квартирада тұрамыз. Бала-шағамыз бар», - дейді жұмысшы Шахан Әбжәми.

Ал Серік Шудабаевтың айтуынша, бұл құс фабрикасында 250-ге жуық адам жұмыс істейді екен. Қазіргі басшылықтың сөзінше, олар бұрынғы қожайындармен соттасып жатыр. Оған қоса, фабриканың банк алдында 300 миллион теңгедей несиесі тағы бар. Сондықтан банк компанияның шоттарын жауып тастаған.

«Мен бүгін өз жұмысшыларыма жалақы беруім керек еді. Бірақ, банк біздің шоттарды жауып тастады. Сондықтан жалақы төлей алмай отырмын. Бірақ, сот шешімі шықпай тұрып, банк мұңдайға бармауы керек еді. Өйткені, біздің мекеме – әлеуметтік нысан, бір күн де жұмысты тоқтатуға болмайды», - дейді «ADM Investment» ЖШС-нің директоры Ерхат Тәж. 

Әкімдіктегілер жиналған халықты сабырға шақырды. Кәсіпорын мен банк арасында байланыс орнатып, фабриканың жұмысы тоқтамас үшін келіссөз жүргізетіндерін айтты.

«Біз шақырып отырмыз банктің басшыларын, сөйлесеміз. Шотты жалақы үшін ашқызамыз. Айлықты төлетеміз. Әрі қарай директор коммерциялық мәселесін банкпен талқылайтын болады. Қаржылық институт пен кәсіпкер екеуі өздері шешеді», - деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары