Қордай ауданында дүңгендер ұрып-соққан қарияның қазіргі жағдайы анықталды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қоғам белсендісі Азамат Ерғали Facebook-парақшасына Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада жатқан зейнеткердің жағдайын сұрап қайтыпты.
"Атамыз сау, жағдайы мәз емес. Біраз соққы жеген. Операцияға дайындалып жатқан атаның жағдайы қиын болғанымен, біздің Төлеген ата халықтан өшікпеуді сұрады. Бейбітшілік болса дейді. Ешқандай өш алудың керегі жоғын, халық зардап шегетін салдардың қажеті жоқ екенін айтты. Біздің аталарымыздың жомарттығы бұл. Соларға құлақ асайық", - дейді Азамат Ерғали.
Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды.