Әлеумет 14.02.2020 сағат 04:35

«Көп адам интервьюерді үйіне кіргізгісі келмейді»: биылғы халық санағында азаматтар өзін-өзі тіркей алады

Халық санағына бюджеттен 8 миллиард 211 миллион теңге жұмсалады.
«Көп адам интервьюерді үйіне кіргізгісі келмейді»: биылғы халық санағында азаматтар өзін-өзі тіркей алады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Биыл болатын халық санағы кезінде адамдар өз бетімен онлайн тіркеле алады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов 2020 жылғы ұлттық санақ мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында айтты.

Елімізде 2020 жылдың 1-30 қазаны аралығында халық санағы өтеді. Интервьюерлер барлық елді мекенде әр үйді аралап, халық санағын жүргізеді. Сонымен бірге, кез келген адам Sanaq.gov.kz сайтына кіріп, онлайн тіркеле алады.

«Көп адам интервьюерді үйіне кіргізгісі келмейді. Осы мәселені болдырмау мақсатында интернет арқылы тіркеу мүмкіндігін ойластырдық. Сайт арқылы әркім өз бетімен халық санағына қосыла алады. Кейін тіркеуден өткеніңіз жайлы ақпаратты сақтап қойған жөн. Себебі, интервьюер келгенде сол ақпаратты көрсетіп, оны үйге кіргізбей-ақ шығарып салуға болады», – деді Нұрболат Айдапкелов.

Спикер қауіпсіздік шарасы үшін халық санағын жүргізетін орталықтан келген адамды қалай тексеруге болатынын айтты.

«Халық санағын жүргізетін орталықтан келген адамда өзімен бірге жеке төлқұжаты, фотосуреті, толық аты-жөні көрсетілген және аумақтық статистика органының қолы мен мөрі басылған қағазы болуы керек. Сонымен бірге, ол адамның қолында планшет, көк түсті портфель және көк мойынорағышы болады», – деді Статистика комитетінің төрағасы.

Ұлттық санаққа Қазақстан аумағына оқу немесе жұмыс бабымен келген шетелдік азаматтар, оның отбасы мүшелері және бір жылдан артық уақытқа оқуға («Болашақ» бағдарламасынан басқа) немесе жұмыс бабымен кеткен Қазақстан азаматтары қатыса алмайды.

Халық санағы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – дайындық науқаны 1-30 маусым аралығында өтеді. Бұл кезеңде интервьюер әр елді мекенді аралап, тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар мен құрылыстардың мекенжайын және олардағы тұрғындардың нақты санын анықтайды. Ал екінші кезеңде, яғни 1-30 қазан аралығында азаматтар санағы жүргізіледі.

2020 жылғы халық санағына бюджеттен 8 миллиард 211 миллион теңге жұмсалады.

Наргиза АРШИДИН

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар