$ 514.65  544.6  5.17

20.02.2020: ырымшыл қазақ бүгін некеге отырудан рекорд орнатты

Әділет министрлігінің мәліметінше, жұбайлардың ең жас жұбы 16-22 жаста болса, ең кәрі жұп – 65-70 жаста.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Бүгін Қазақстанда некеге отырушылар саны басқа күндерге қарағанда анағұрлым көп. 2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны 800 жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдау қазақстандықтар үшін дәстүрге айналған. Бүгін елордада, Алматыда және Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында некесін қидырып жатқандардың саны көп.

Әділет министрлігінің мәліметінше, жұбайлардың ең жас жұбы 16-22 жаста болса, ең кәрі жұп – 65-70 жаста. Жалпы, жыл басынан бері елімізде 15 мыңдай азамат шаңырақ көтеріпті.

Оқи отырыңыз: «Тамақ жеп отырмын»: Меруерт Түсіпбаева әріптестерінің желідегі әрекетіне шүйлікті (ВИДЕО)

«Бүгін, 2020 жылдың 20 ақпан күні, 20.02.20 деп жатырмыз, Қазақстан Республикасында 1600-ге жуық қазақстандық некесін қиды, 800-ден астам жұп құрылды. 2019 жылы тап осы күні 241 неке қиылған. Қыс айына бұл өте үлкен көрсеткіш», - дейді Әділет министрлігінің басқарма басшысы Маржан Дінғалиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары