Зайсанда орын алған жағдай - жергілікті биліктің халықпен жұмыс істей алмағандығының дәлелі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Ерлан Саировтың Facebook-парақшасына сілтеме жасап.
Ол жоғари биліктен халықты одан әрі дүрліктіретін, ашу-ыза тудыратын әрекеттерін доғаруды өтінді. Сонымен қатар саясаттанушы тұрғындардың шағын митингісіне бола, әскерді топырлатып әкелетініне наразы. Осы олқылықтарға жергілікті шенеуніктерді кінәлап отыр.
"Қит етсе, әскерді тасығанды қою керек.
Зайсандағы жағдайды мен жергілікті биліктің халықпен жұмыс істеуге қабілетсіздігінің нәтижесі деп білемін.
1)Әрбір қадамды сол жердің халқына түсіндіріп отыру керек болған.
2) Ақпараттандыру орталықтарын құру керек болған.
3) Нақты шешімдер қабылдағанда "халық қалай қабылдайды" деген сұраққа болжау жасау керек болған.
Ешқандай түсіндіру жұмыстары, қоғамдық пікірді болжау болмаған.
Нақты себебі осы. Өйтені облыс басшылығы, жергілікті жердің мән- жайын білмейді, халықты жоғарғы этаждардың кабинетінен басқарғысы келеді.
Енді, сол шолақ басшылардың қателігі үшін, улатып- шулатып, халықты үркітіп, әскер кіргізудің қажеті қанша?
Менің туған жерім, менің туысқандарым, ол жақта білімді, парасатты, ақылды, ержүрек халық тұрады. Олар, әрбір жағдайды ақылмен, салиқалы- салмақты түрде шешуге қабілетті.
Жағдайды ушықтырып отырған сол жердегі, облыс деңгейіндегі " әліпті би" деп білмейтін, халықтан ауаша жүретін басшылар.. Солардың айдауымен жүреміз деп, халықты ашуландырып алмаңыздар", - деп жазды ол.
Тағы оқи отырыңыз:
«Мен гарантия беремін!»: Даниал Ахметов Зайсандағы дүрліккен көпшілікке уәде берді
Саясаттанушы Зайсандағы жағдайды Жоңғарды жайратқан, қызыл әскермен күрескен, шүршітке төтеп берген ер жүрек халықтың мінезін оятпай, байыппен, ақыл-оймен шешуді ұсынды. Және ол өз туған жерімен бірге екенін, оларды әрдайым қолдайтынын қоса айтты.
"Ол қасиетті өлкедегі әрбір азаматтың "бір тал шашы" үшін бүкіл қазақ болып жауап береміз! Осы есімізде болсын", - деп елді тыныштыққа шақырды Ерлан Саиров.