$ 498.34  519.72  4.85

«Тапқандарын киіп шыққандай»: арнайы жасақ сарбаздары көпшілікке күлкі болды

Бұндай талқылардан кейін Ішкі істер министрлігі де қарап отырмай, қызметкерлерінің киім киісі мен жүріс-тұрыстарына мән беруі тиіс-ақ.

Марал Киокушинкай деген аккаунпен белгілі желі белсендісі facebook парақшасына полиция қызметкерлерінің суретін салды. Шамасы, олар сенбі күні өткен рұқсат етілмеген минтингті қадағалап тұрған болуы керек, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Неге екенін білмеймін, өте жағымсыз әсер қалдырады екен түрлері. Әсіресе, оң жақтан санағанда біріншісі, екіншісі, үшіншісі. Отморозоктар деп айтқым келеді. Жамбастары дәу ма, бастары дау ма, чёто бірдеңелері не то» деп жазды, бұл тұрысты жақтырмаған жазба авторы.

Оны көрген өзге желі қолданушылар да қарап қалмады, әрине.

«Көшедегі үлкен кісілерге көмек көрсететін топ па?», «Дұрыс екен, үлкен кісілер көшеде жүріп қиналмайды. Бұл қыз-жігіттер оларды төбесіне көтеріп алып жүреді. Еліміздің жастарынан үлкенді құрметтеудің тамаша үлгісі көрініп тұр», «Ана майысып тұрған қыз көпке бармайды-ау...», «Волонтер-2020 ғой», «Бұлар, меніңше, арнайы жасақ емес. Штабтың әр бөлімінің қыздары шығар. Осы формаларының керекке жараған күні бопты. Кейін өздері ұялар ана фотоларын бала-шағасы көрген кезде», «Алдыңғы төртеуде төрт түрлі киім ғой. Тапқандарын киіп шыққандай», «Енді кемпір-шалдар мен бала-шағадан осындай жасақтар құру қалды», «Әдемі қыздар екен. Суретке қиылып түсіпті сары қыз» десті олар.

Бұндай талқылардан кейін Ішкі істер министрлігі де қарап отырмай, қызметкерлерінің киім киісі мен жүріс-тұрыстарына мән беруі тиіс-ақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары