$ 494.87  520.65  4.91

«Гарант 24 ломбардты» жарнамалаған жұлдыздар да жазаға тартылуы тиіс» - журналист

"Сайлауда Қосановқа дауыс беріңдер деген шолақ белсенділерге жұрт легімен еріп, қолдаған. Олар да "Мәссаған, біз де алдандық", - дей салды. Bek Air-ге билік қауіпсіздік сертификатын міндеттемек болғанда Мұрат Әбенов пен Денис Кривошеев секілді белсенділер жата кеп компанияны жақтады. Хештег ойлап тауып, "Ең арзан әуе компаниясын әдейі қыспаққа алып жатыр, билет қымбаттайды", - деп дабыл қақты.

"Гарант 24 Ломбард" ЖШС жарнамалаған жұлдыздар заңмен жазалануы мүмкін, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Журналист Жалғас Зейнолла өзінің Facebook-парақшасында жұлдыздар өнімдер немесе ұйымдарды жарнамалағаны үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс деген ой айтты. Ол әнші-актерлердің жарнамасына қара халық сеніп, тапқан-таянғанын ойланбай салатынын да жоққа шығармады. 

"Гарант - 24" деген қаржы ұйымына қатысты шудың шыққанына біраз күн болды. Бүкіл ел бойынша бөлімшелерінің алдын адамдар торуылдап, салған ақшасын қайтаруды талап етуде. Екі жеп, биге шықпақ болғандар енді өкініп отыр. Оның жарнамасын жұлдыздар "Бұл, адал табыс", - деп жасағасын бәрі ақшаны аямай салған. Компанияның басшылары тұтқындалып, қылмыстық іс қозғалды. Алайда, бұл Қазақстан бойынша қалтасының тесігінен жел ескендердің қаржысы бүгін-ертең қайтарылады деген сөз емес. 100 мың теңге - біреудің қол сүртетін майлығы, біреудің - шайлығы, ал енді біреудің - айлығы.

"Гарант-24" деп аузы-аузына жұқпай жарнамалаған жұлдыздар инстаграмдарында ағынан жарылып, кешірім сұрап жатыр. Айқын Төлепберген "Ойбай, мен білмей қалдым", - десе, ағайынды Асылхан мен Артур Төлеповтер "Біз, 13 млн салғанбыз. Өзіміз де алдандық", - деп соқты. Жұлдыздар жарнама жасады, шалыс басса да жұлдызы сөнбейді, олардың мұртын балта шаппайды. Ал алданған жұрттың ақшасын Төлепберген де, Төлеповтер де төлеп бермейді", - деп ашынды ол.

Сонымен қатар журналист Қарақат Әбділдина жарнамалаған тіс емханасындағы мәселені де көтерді. Тіс дәрігері ересектерге арналған дәріні 1,5 жастағы сәбиге егіп жібергендіктен, нәресте комаға түскен болатын. Сәби әлі оянбады. Тергеу барысында стоматологияның сертификатының жарамдылығы, дәрігерлердің сертификаты бәрінің мерзімі өтіп кеткені анықталды. Өзге де талаптар сақталмаған болып шықты.

Жалғас Зейнолла танымал жұлдыздардың жарнамасы көпшіліктің басына сор боп жабысып жатқанын айтты. Оның ойынша, жарнаманың түп-тамырын зерттемей, бұқараны елітіп жүргендер жазалануы керек.

"Сайлауда Қосановқа дауыс беріңдер деген шолақ белсенділерге жұрт легімен еріп, қолдаған. Олар да "Мәссаған, біз де алдандық", - дей салды. Bek Air-ге билік қауіпсіздік сертификатын міндеттемек болғанда Мұрат Әбенов пен Денис Кривошеев секілді белсенділер жата кеп компанияны жақтады. Хештег ойлап тауып, "Ең арзан әуе компаниясын әдейі қыспаққа алып жатыр, билет қымбаттайды", - деп дабыл қақты. Артынан, Bek Air-дің не істегенін бәріміз білеміз. Жарнама жасағандардың қылы да қисаймайды. Ақшасын қалтаға басып, кете береді.

Тағы оқи отырыңыз:

«Қамап тастаса, ақшаны қайтара алмаймын»: «Гарант 24 Ломбард»-тың иесі шетелден ВИДЕОүндеу жолдады

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ға сеніп, жарнама жасаған жұлдыздар халық алдында ақталып әлек (ФОТО, ВИДЕО)

Осы ретте үгіттегені үшін жауапкершілік жүктейтін норматив керек шығар. Жалпы бірдеңеге PR жасағанда абай болу қажет. Бұл тек компанияларға ғана емес, сондай-ақ, дін, көзқарас, ұстаным, жеке адам мен шығарма, бизнес субъектілер мен азық-түлік, фармацевтикалық өнімдерге қатысты. Әйтпесе, аңқау елге арамза молдалар бір Қазақстанға жетеді. Егер ол құбылыстан зиян келіп жатса, жауапкершілік алып, жарнамалаған жандар да жазаға тартылуы тиіс!", - деп аяқтады ол жазбасын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары