$ 494.87  520.65  4.91

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ға сеніп, жарнама жасаған жұлдыздар халық алдында ақталып әлек (ФОТО, ВИДЕО)

Осы компанияға жарнама жасап, кейін сан соғып қалған жұлдыздардың қатарында әнші Айқын Төлепберген, вайнер Мейіржан Төребаев, актерлер Артур және Асылхан Төлеповтер бар.
Фото: Диапазон
Фото: Диапазон

«Гарант 24 Ломбардтың» арбауына түскен қазақстандық жұлдыздар халықтың алдында ақталып әлек, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы компанияға жарнама жасап, кейін сан соғып қалған жұлдыздардың қатарында әнші Айқын Төлепберген, вайнер Мейіржан Төребаев, актерлер Артур және Асылхан Төлеповтер бар. Олар Instagram әлеуметтік желісіне халықтан кешірім сұрап, видеоүндеу жүктеп жатыр.

«Бұл компанияға ешқандай қатысым жоқ. Сіздер сияқты мен де алданып қалдым. Компанияға мені досым алып барды. Ол «көлігіңді қымбатқа сатып, арзанға басқа көлік сатып аласың» деді. Құжатын көріп, көз жеткіздім. Келісімшарты да көрдім. Көп көлік пен пәтер сатын алынғанын да көрдім. Бұл жерде мен ломбард деп ойладым. Кәдімгі қымбат бағаға өткізуге болады деп ойладым. Мен өзім арзан бағаға көлік күттім. Алдандым. Досым да алданғанын айтып отыр. Осы арқылы кейбір достарым арзан бағаға көлік алып, кейбір достарым шын мәнінде көліктерін қымбатқа сатты. Сондықтан олардың жарнамасына түскен едім», - деп ақталды Айқын Төлепберген.

Ағайынды Төлеповтер 13 миллион теңгеге шығындалғанын жасырған жоқ. 

"Біріншіден, баршаңыздан осындай жарнамаға қатысқанымыз үшін кешірім сұраймыз. Біз де сіздер секілді алдандық, бізді де алдап соқты. Бізді танысымыз арқылы жарнамаға шақырды, біз де жарнамаға түспес бұрын әріптестерімізден сұрадық. Олар тақтайшаға жазып бәрін көрсеткен. Системасын көрсетті. Құжатын, барлығын көрдік. Біз де таңғалдық нарықтағы бағадан арзан сатып, сіздерден қымбат сатып аламыз деген сияқты. Біз таңғалғаннан кейін қызығып, жарнамасына түсіп, біз де қазіргі таңда жәбірленуші атанып отырмыз. 

Тағы оқи отырыңыз: 

«Гарант-24 Ломбард»: Тараз, Қарағанды, Павлодар филиалдарының басшылары құрықталды

«Туалетке түс десе, түсесіңдер ме?»: Қуат Хамитовтың басына қара бұлт үйірілді (ФОТО)

«Гарант 24 Ломбард»: Орал филиалының басшысы құрықталды

Бізге де оңай соққан жоқ. Интернет желісінде "Әртістерді жазалау керек", "Олар халықты сендіре білген" деп жатыр. Құрметті ағайын, біз де өздеріңіз секілді қарапайым азаматтардың біріміз, біз де жақсы жағына шыққымыз келген, үстінен ақша көргіміз келді. Сондықтан барлығыңыздан басымызды иіп, кешірім сұраймыз", - деді актерлер.

Олар компанияға жарнама жасағанымен қоймай, ақша салып, алданғандардың қатарында екенін халыққа жар салып, сотқа жүгініп жатқан көрінеді. 

"Міне, Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық ішкі істер бөліміндемін. Мені алдап, көлігімді алып қойғаны туралы шағым жаздым. Мен де ломбард құрбанымын. Өкінішке қарай, біз де сеніп қалдық. Мен де xалық секілді бұндай болатынын күтпедім", - деп мәлімдеді Мейіржан Төребаев Instagram Stories-те.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары