Нұр-Сұлтан қаласында Дулат Ағаділді жерлеп қайтқан қара халықты полициялар ұстап әкетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полиция қоғам белсендісімен қоштасуға қатысқан 7 адамды ұстап әкеткенін Бибігүл Тұяқова есімді азамат өзінің Facebook-парақшасында жариялады
«Біз автозактамыз. Жеті адамбыз. Бәрімізді полицияға апара жатыр. Кейбір адамдардың ұялы телефонын алып қойды. Біз жерлеуден соң Талапкер ауылынан қалаға келгенбіз”,- дейді Тұяқова видеода.
Ол, сонымен қатар, парақшасына қоштасу сәтінен бірнеше видео жариялап, ұсталған 7 адамның есімін де атап көрсеткен.
Тағы оқи отырыңыз:
«Депутаттардан онсыз да қайыр жоқ»: Қайрат Жолдыбайұлы қоғам белсендісінің өліміне жүйені кінәлады
"Бейсембаев Ғабдулла, Бейсембаев Ғабидолла, Кенжахметов Бос, Арғымбеков Мұратбек-Төлеген, Қабдулла Бисембаев, Әсел Онланбек, Мүбарак Динара, Тұяқова Бибігүл. Барлығы 7 адам", - делінген жазбада.
Дулат Ағаділді жерлеу рәсімі бүгін 27 ақпанда болды. Оған мыңға жуық адам қатысқан.