Белгілі кәсіпкер, «Бизнес Бастаудың» құрушысы Ахметбек Нұрсила «Қалаулым» бағдарламасының шеф-редакторы Шах-Кәрім Кәрменді ауыр сынға алды. Текті әкенің ұрпағы осынша майдаланғанына күйінетіндігін жеткізді. Бұл туралы ол өзінің NURSILA Youtube арнасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
«Ең қайғылысы, қазір
«Қарашада қара үй тұр,
Қарайлай жүр артыңа.
Жолдас болма жаманмен,
көзің жетпей парқына»,
«Арманы биік асыл ер,
Ұрпақтың қамын ойлайды» деген әнді айтқан Жәнібек Кәрмен есімді керемет тұлға болған. Сол кісінің баласы Шәкәрімнің атына қойған Шах-Кәрім сол түріктердің қолшоқпары болып, қазаққа қарсы сойыл соғып жатыр. Қазақты улап жатыр. Қазақты топастандырып жатыр.
Айналайын, Шах-Кәрім, ақшадан өлдің бе? Сенің атың Шах-Кәрім ғой. Шәкәрім не дейді:
«Адамдық борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, нені біл!».
Ар сатып ақша табатындай, түріктерге қосылып алып қазақты улайтындай, не басыңа зорлық келді? Әкеңнің атын былғап отырсың ғой, айналайын!» - деді ашуға берілген Ахметбек Нұрсила.
Елге белгілі тұлғалардың ашуын келтіріп, ыза туындатып жатқан «Қалаулым» жобасы мен Шах-Керім Кәрменнің ендігі іс-әрекеті қандай болары әзірге белгісіз. Ендеше күтейік!