$ 494.87  520.65  4.91

«Қылмысты жасырғандары үшін жазалаңыз»: Прокуратура Дулат Ағаділдің үстіндегі даққа түсініктеме берді (ФОТО)

Прокуратура өкілі Дулат Ағаділдің мәйіті түсірілген бейнежазбаның әлеуметтік желіде марқұмның туыстарының рұқсатынсыз тарағанын айтып, ескерту жасады.

Тергеу изоляторында қайтыс болған қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің мүрдесіндегі дақтар дене жарақаты емес, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы бас прокурорының орынбасары Қилымжанов Елдос Тоқтасынұлы.

Skifnews.kz ақпарат порталы Асқар Майданов есімді азаматтың Faсebook-парақшасына Дулат Ағаділдің дене жарақаты бар суреттерді жариялағанын жазады. Суреттерді жүктеген ол Тоқаевтан қоғам белсендісінің өліміне қатысы барларды анықтауды сұраған. 

"Тоқаев мырза,қоғам белсендісі Дулат Ағаділді ұрып-соғып, қинап өлтіргендерді табуға көмектесіңіз.
Сізге және халыққа жалған ақпарат берген Ішкі істер міністріне,оның орынбасарына,прокуратура қызметкерлеріне, анттың бұзған сот медициналық сараптамашыларға шара қолданыңыз.
Қылмысты жасырғандары үшін жазалаңыз", - делінген жазбада.

Прокуратура осы жазбадан соң, денедегі дақтарға қатысты мәлімдеме жасады.

“Ағаділді Талапкер ауруханасының (Нұр-Сұлтан маңындағы елдімекен ред.) және тергеу изоляторының медицина қызметкерлері қарады. Зорлық-зомбылық белгілері болатын дене жарақаттары табылмады. Сот медицинасы сараптамасы тағайындалды… Ағаділдің қайтыс болу себебі – жүрек қан тамырының жетіспеушілігі”, – деді прокурордың орынбасары Елдос Тоқтасынұлы Arasha.kz журналистеріне.

Марқұмның денесіне сот медициналық сараптама жасауға қатысқан сот медициналық сараптамасы орталығының өкілі Аханбаев Арман Аралбайұлы прокуратураның сөзін растады.

Тағы оқи отырыңыз: 

«Жендеттерді өлімімен жеңді арыс»: марқұм Дулат Ағаділге елге танымал ақындар өлең арнап жатыр

Дулат Ағаділдің жерлеу рәсіміне қатысқан 7 белсендіні полиция ұстап әкетті (ВИДЕО)

«Депутаттардан онсыз да қайыр жоқ»: Қайрат Жолдыбайұлы қоғам белсендісінің өліміне жүйені кінәлады

“Денедегі дақтар адам қайтыс болғаннан кейін пайда болады. Ол ұйып қалған қан. Бірінші, екінші тәуліктің соңына қарай мәйіт дақтары дененің төменгі жағында орналасады және түсі мен формасын өзгертпейді. Дақтардың түсі қою көк және қою күлгін болып келеді. Адам қайтыс болғаннан кейін денеде қандай да бір жарақаттар болуы қалыпты. Ал зорлық-зомбылықтан болған дақтар анықтамадық”, -дейді Арман Аралбайұлы.

Осыған дейін Дулат Ағаділдің мәйітін, жалаңаш денесінің суретін әлеуметтік желіге таратқандардың үстінен оның анасы арызданғанын жазған болатынбыз.

Прокуратура өкілі Дулат Ағаділдің мәйіті түсірілген бейнежазбаның әлеуметтік желіде марқұмның туыстарының рұқсатынсыз тарағанын айтып, ескерту жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары