$ 510.08  539.61  5.15

«Екіқабат әйелді неге ұрасыңдар?»: Жанболат Мамай мен Инга Иманбайға полицейлер шабуыл жасады (ВИДЕО)

Келесі видеода жедел жәрдем қызметкерлері Иманбайды қарап жатқаны түсірілген.

"1 наурыз күні бейбіт митингіге шығамыз" деп мәлімдеген қоғам белсендісі, Демпартия ынталы тобының жетекшісі Жанболат Мамайды үйінен шыға бергенде ұстамақ болды. Болған жағдайды қоғам белсендісі мен жұбайы Инга Иманбай facebook-та тікелей эфир арқылы көрсетті.

Видеодан үйден үш адам болып шыққан қоғам белсенділерінің артынан бірнеше адам ергенін көруге болады. Белгісіз екі азамат олардан әлдебір көшені іздеп жүргенін, жол сілтеулерін сұрайды. Алайда ол көше басқа жақта екеніне қарамастан, белсенділердің соңынан ереді. "Көше ана жақта ғой" дегендеріне "біз айналып барамыз" деп жауап берді. Мұнан соң белсенділердің жанына қара көлікпен екі адам келді. Өздерін Алматы қаласы Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері деп таныстырып, Мамайға шақыру қағазын көрсетіп, қылмыстық іс бойынша аталмыш бөлімге жүруін сұрайды. Алайда құжатпен танысқан Жанболат Мамай шақыруда қандай қылмыстық іс екені, нендей бап бойынша шақырылып жатқаны жазылмағандықтан, мөр қойылмағандықтан барудан бас тартады. Наурызбай аудандық ішкі істер бөліміненбіз деген азаматтардың бірі Инга Иманбайға видеоға түсіруге болмайтынын айтып, телефонын тартып алуға тырысады. Осы жерден тікелей эфир үзіледі.

Сәлден соң тікелей эфир жалғасады. Онда Иманбай "Басым, басым! Анау менің басымды воротаға ұрды деп" айқайлап жатыр. Видеода Мамайдың "Оңбағандар. Екіқабат әйелді неге ұрасыңдар" деген даусы шығады. Артынша полиция қызметкерлері телефонды тартып алды. 

Мұнан соң Мамай тікелей эфирге шығып, 4 полиция қызметкері оларға шабуыл жасағанын, Инга Иманбайдың телефонын тартып алғанын, жедел жәрдем шақырғанын хабарлайды. Иманбай өзіне шабуыл жасағанын айтып, "менің бюро корочкамды жыртып тастады. Басымды воротаға ұрды" деді.

Келесі видеода жедел жәрдем қызметкерлері Иманбайды қарап жатқаны түсірілген. Онда дәрігер Иманбайдың басында "шишка" барын айтады.

Артынша Жанболат Мамай "Инга Иманбай ауыр жарақат алды. Оны жедел жәрдем тіркеді. Қаскелең ауруханасына апара жатыр. Бұлар полиция емес, қарақшылар" деп жазды. Сәлден соң мені Қастелеңде ұстауы мүмкін деп жазды. Кеше қоғам белсендісі Шкода және Киа көліктеріне мінгенд қызметкерлер үйінің маңын торуылдап жүргенін мәлім еткен. Белсендінің сөзінше, олар митингіге барғызбау үшін жүр. Бүгін ертеңгісін смс хабарлама арқылы оның үстінен қозғалған әкімшілік іспен танысу үшін Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасына шақыру келгенін мәлімдеген.

Дереккөз: QAMSHY.KZ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары