Қарағанды облысында еріктілер жылына жаңа әлеуметтік жобалар іске қосылады. Еріктілер тарихи ескерткіштерді ретке келтіріп, балалар алаңдарын жөндейтін, тіпті, ардагерлерге, жалғыз басты қарияларға және көпбалалы отбасыларға арналған тегін такси пайда болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, baq.kz мәліметіне сүйене отырып.
«Saryarqa jastary» облыстық волонтерлік штабында өңір басшысы Жеңіс Қасымбекпен болған кездесуде белсенділер облыстағы еріктілер жылы қандай игі істерге толы болатынын талқылады.
Сол сәтте, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Жетпісбаев «Тегін такси» жобасын ұсынды. Оның айтуынша, аталмыш шараға қатысуға бірнеше таксопарктер келісім берген. Волонтерлер штаб құрып, қала бойынша жүріп-тұруы қиын адамдардан өтініштер қабылдайтын болады. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, жалғыз басты қарт адамдар, сондай-ақ, көпбалалы отбасылар тегін көліктерді пайдалана алады.