$ 514.65  544.6  5.17

«Дарақылықтың соңы жақсылыққа апармайды»: Атырауда cадақа рәсіміндегі ас мәзірі ұсынылды

Мемлекет және қоғам қайраткері Есен Тасқынбаев қазіргі уақытта садақа дастарханының тойдан еш кем түспейтініне қынжылыс білдірді.
Фото: Baribar.kz
Фото: Baribar.kz

Атырауда cадақа рәсіміндегі ас мәзірі ұсынылып, үндеу қабылданды. Бұл туралы Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде «Жаназа және жерлеу рәсімдерінде ысырапқа жол бермеу» тақырыбымен өткен «дөңгелек үстел» барысында белгілі болды, деп хабарлайды ATR.kz-ке сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шариғатымыз әу бастан ысырапшылдықты қолдамайды. Қазіргі уақытта қоғамда жаназа және жерлеу рәсімдеріндегі ысырапшылдық мәселесі өткір тұр. Біздің мақсатымыз халықты шариғатқа қайшы нәрселерден тыйып, қайғы түсіп жатқан шаңыраққа мейілінше жеңілдік жасау», - деді мәжіліс барысында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Мемлекет және қоғам қайраткері Есен Тасқынбаев қазіргі уақытта садақа дастарханының тойдан еш кем түспейтініне қапалы.

«Дөңгелек үстел барысында бекітіліп отырған арнайы мәзір шегінен шықпауды халыққа ұғындыруымыз керек. Ысырапшылдық, дарақылықтың соңы жақсылыққа апармайды. Ең болмағанда садақаға несие алып шашылудан сақтандыру арқылы, қаралы үйдің қайғысын жеңілдетуге тырысуымыз керек» дейді Мемлекет және қоғам қайраткері Есен Тасқынбаев.

Талқылау нәтижесінде жұртшылыққа жаназа рәсіміндегі дастархан мәзірі ұсынылды.

Жаназа дастарханына ұсынылған ас мәзірі:

- бауырсақ, нан;
- шелпек;
- қаймақ;
- кәмпит, печенье;
- бір ыссы тамақ;
- қант;
- құрма;
- су, шай;

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ас мәзірі