Қазақстандықтарға инфекция жұқартырмау үшін қол алысудан бас тарту қажеттігі айтылды. Оның орнына танымал ғалым "Сәлем бердік" қазақы дәстүрін жаңғыртуды ұсынды, деп жазады zakon.kz.
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде атақты академик, Қазақ тағамтану академиясының президенті және С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессоры Төрегелді Шармановтың видеосы тарап жатыр.
"Мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қол алып амандасуды доғару керектігін айтқым келеді. Бұл гигиенаға сай емес. Ол адам қайдан шықты, не ұстады, белгісіз ғой. Ал қолын алмасаң мәдениетсіз секілді көрінесің. Қазақта иіліп сәлем беретін әдемі көрініс бар. Соны жаңғырту керек. Адам оң қолын жүрегінің тұсына апарып, басын изеп «Сәлем бердік» деген. Ал келіндер иілген, әрине. «Сәлем алдық» дейді келесі адам немесе үлкендер жағы жастарға басынан сипап, бата беріп жатады. Жақсы көрініс қой, осыны жаңғыртайық", - дейді ғалым.
Тағы оқи отырыңыз:
Коронавирустан қатты сақтанған неміс министрі Ангела Меркельмен де қол алыспай қойды (ВИДЕО)
Айта кету керек, әлемде коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты көптеген елдер қатерлі дерттен қорғану үшін қол алысып, амандасудан бас тартып жатыр.