$ 444.22  476.38  4.82

«8 наурыз – әйелдер құқығын еске алу күні!»: Алматыда жүзге жуық әйел рұқсат етілмеген шеруге шықты

Шеруді феминистік KazFem, Феминита, Фемагора, Фемсреда және SVET қоғамдық қоры ұйымдастырған.

Бүгін Алматы қаласында жүзге жуық феминист әйел шеруге шықты. Орталық әмбебап дүкеннің алдына жиналған олар шеруді «Әр әйел маңызды!» деген ұранмен бастап, көше бойымен Абай театрына қарай бет алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, holanews.kz-ке сілтеме жасап.

«Біз барлығымыз – әйелміз. Біз – қазақстандықпыз. Біз өзімізді қауіпсіздікте және заңдар бізді қорғайтынына сенбейтін елде тұрып жатырмыз», - дейді белсенділер.

Шеруге қатысушылар зорлық-зомбылықтан қайтыс болған әйелдерді еске алды.

«Біз бүгін зорлық-зомбылық құрбаны болған әр әйелді еске алу үшін жиналдық. Олар далада емес, өз үйінде, бейтаныс емес және олар жақсы көретін, сенетін адамының қолынан қаза тапты.

Біз XXI ғасырда таксимен немесе пойызбен жалғыз жүруге қорқатын әйелдер туралы стереотиптерге бейімбіз. Олар кездесуге және жай адамдармен сөйлесуге қорқады. Неліктен? 8 наурыз – гүлдер фестивалі емес, әйелдер құқығын еске алу күні!», - дейді азаматтық белсенді және Svet қоғамдық қорының негізін қалаушысы Мөлдір Жұмабаева.

Шеруді феминистік KazFem, Феминита, Фемагора, Фемсреда және SVET қоғамдық қоры ұйымдастырған.

«Ресми статистикаға сәйкес, елде күн сайын 5 әйел зорланады. Барлығы дерлік кешке үйге қайтуға, теміржол вагонына отыруға, егер ер адамдар болса, лифттер мен подъездерге бейтаныс адамдармен кіруге қорқады. Біз қауіпсіз елде тұрғымыз келеді», - дейді жиналғандар.

Шеру мен өтетін орын қала әкімдігімен келісілмеген, бірақ, белсенділер Алматы қаласының әкімдігі мен мемлекеттік органдарға хабарлама жіберген.

«Біз зорлаушыларды шартты түрде босатпауды, жыныстық қысым көрсету туралы заң қабылдауды, отбасындағы зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапкершілікке тартып, кінәлілердің жазалануын қамтамасыз етуді талап етеміз», - деді олар, билікке қарата.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары