$ 494.87  520.65  4.91

Рекорд: елімізде 110 жастағы тағы екі кейуана бар

Олардың бірі Семей қаласында, екіншісі Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Сазды ауылында тұрады.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Айта кетсек, біз кеше ғана Жамбыл облысында 110 жастағы Аманбала Аманжолова атты кейуана тұратынын жазған едік. Сол сәтте Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов те тура 110 жастағы Ажар Омарбаеваны 8 наурыз – әйелдердің Халықаралық күнімен құттықтапты. Сондай-ақ, Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Сазды ауылында да ғасырдан ұзақ жасаған Жонай Танымбетова есімді кейуана тұрады екен. Ол да – 110 жаста, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгінгі күні өте жағымды миссия орындалды: Әйелдер мерекесі қарсаңында Семей қаласының Құрметті азаматы, 8 бала мен үлкен, тату отбасының анасына куәлік пен төс белгісін табыс еттім» деп жазды Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов өзінің Instagram парақшасына.

Оның айтуынша, кезінде басынан талай қиын-қыстау кезеңдерді өткеріп, қазір немерелері мен шөберелері арасында бақытты ғұмыр кешіп отырған Ажар Омарбаева 70 жасқа дейін алыс ауылда шопан болып жұмыс істеген.

«Оның куәлігінде ең алыс туған күн – 1910 жылдың 1 қаңтары тұр. Біздің өлкеміздің ең үлкен байлығы – осы адамдар екенін қайталаудан шаршамаймын! Біздің қоғамда әйел – әпке, құрбы, жар – Ана ерекше орын алады! Бұл құрмет – халқымыздың қанында. Біздің аналар, сіздерге тағызым мен үлкен рахмет!» деп жазды қала басшысы.

Ал Қызылорда облысының Арал ауданында ғасырдан ұзақ жасаған бі емес, екі кейуана тұрады екен. Олардың бірі 110 жасқа келсе, екіншісі 106-ға толтып отыр. Мәселен, 110 жасқа келген Жонай Танымбетова Сазды ауылында тұрады. Ол бүгінде өмірге әкелген 8 перзентінен 31 немере, 60 шөбере мен 9 шөпшек сүйіп отыр.

Жонай әженің Құдай қосқан қосағы Төлеген Танымбетов ауылда ферма басшысы болып қызмет атқарған екен. Өткен ғасырдың 30-жылдары елді ұжымдастыру шараларына белсене атсалысқан. 1967 жылы отағасы дүниеден өтіп, 8 баланы өсіріп-жеткізу ауыртпалығын Жонай ананың өзі көтерген. Барлығын азамат етіп жеткізіп, қазір олар өмірден өз орнын тауып отыр.

Ал 106 жастағы Тәжігүл Еңсепова сол Арал ауданына қарасты Аралқұм ауылында тұрады. Ол да Құдай қосқан қосағы Төреғұлмен 9 баланы аяқтандырған алтын құрсақты ана. Бұл әулеттен тараған ұрпақ бүгінде бір қауым елге айналып отыр. Қазір сол 9 баладан 37 немере, 70 шөбере және Айдар есімді бір шөпшегі бар. Тәжігүл әжей тылда тер төккен, одан кейін Райым ұжымшарында зейнет жасына жеткенше балық шаруашылығы саласында ұзақ жылдар табанды еңбек еткен. Өзінің осынау ғибратқа толы ғұмырының 106-шы көктемін қарсы алып отырған әжеміз әлі тың екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары