$ 498.34  519.72  4.85

«Түнімен ұйықтатпайды»: Атырау тұрғындары көктем келмей жатып масаға талануда

Пәтер иелері кооперативі өкілдерінің сөзінше, салынғанына отыз жылдан асқан тұрғын үйдің әу бастан ауа айналатын жері жоқ.
фото: masterok.livejournal.com
фото: masterok.livejournal.com

Атырауда көпқабатты үй тұрғындары жаз келмей жатып, маса мазаны алды дейді. Айтуларынша, суға толы жертөленің кесірінен, қансорғыш жәндіктер тым көбейіп кеткен. Ал әкімдік масамен күреске үш айға ғана қаржы бөліпті. Бұл – вокзал маңында тұратындардың шағымы, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Айтылып жатыр КСК-ға да, бұрын улайтын еді. Масалар қырылып, кішкене демалып қаламыз. Ал артынан білмеймін, химикат аз қоса ма, түтінді бұрқыратып кетеді. Солярканың иісі сияқты. Көк түтін, үйге кіре алмайсың. Бірақ, нәтиже жоқ ешқандай», - дейді қала тұрғыны Марат Сүйінішқалиев.

Тұрғындар химиялық қорғаныш құралдары, әсіресе, балаларға зиян тигезі ме деп қорқады. Олар масаның жаз шықпай көбеюін жертөледе жиналған судан көріп отыр.

«Балаларды шағады. Түнімен ұйықтатпайды. Тұрып, өлтіріп жүреміз таңға дейін. Оны тазалау үшін ең бірінші подвалды тазалау керек шығар, тұрғын үйлердің», - дейді тұрғындардың бірі Жанар Жақсылықова.

Пәтер иелері кооперативі өкілдерінің сөзінше, салынғанына отыз жылдан асқан тұрғын үйдің әу бастан ауа айналатын жері жоқ.

«Арасында ЖКХ-дан бізге машина бөлінген жағдайда откачка жасаймыз. Сосын шамалы ғана жиналатын су қайдан шығып кететінін білмейміз. Дымқылы кеппей тұр. Суды сорып алсақ та дымқылы бар», - дейді «Жәкишева» ПИК төрайымы Ақмарат Жәкішова.

Тұрғындар қансорғыш масалармен күрестің тезірек басталуын тілеп отыр. Жертөледен көтеріліп, кіреберісте топтасқан жәндіктер есік ашқан сайын пәтерге кіріп, мазаларын қашырады. Алайда, аймақта масамен күрес жұмысы әлі басталған жоқ. Әзірге тендер өтуде. Қонсорғыштармен күреске 65 миллион теңге бөлінген.

«Биылғы жылы маусым айының 30-ына дейін 3 ай мерзімге 65 миллион қаражат қаралып тұр. Көп қабатты үйлердің барлығы дерлік қамтылады. Сонымен қатар, елді мекендердің орталық көшелері, су, кәріз желілері тазартылады», - дейді Атырау қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров.

Әкімдіктегілердің айтуынша, қалған жарты жылдыққа тендер қайта жарияланбақ. Басшылардың тапсырмасы сол дейді. Ал жаз келмей масаға таланған тұрғындар қансорғышты жою жұмыстарының үздіксіз жүргізілуін талап етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары