$ 514.65  544.6  5.17

«Тоқтатыңызшы аға, дәрілерін алып берейін»: балабақшада сәбиі жәбірленген журналист бір былықты ашты

Айтуынша, олар баланы балабақшаға бейсенбі күні таңғы 8-ге таяу апарған. Онда сәбиді балабақша басшысының кабинетінен шыққан етжеңді әйел қабылдап алған. Ата-анадан алғаш рет жырақтап отырған бала сол жерде жылап қалыпты. Міне, содан арада жарты сағат өтпей жатып, камера «өшіп қалған».

Балабақшадан бір жарым жастағы баласының басы үш жерден көгеріп келген алматылық журналист Серік Жұмабаев бүгін facebook парақшасына бұл істі Алатау аудандық Полиция басқармасы қолға алғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске сала кетсек, ол осыдан екі күн бұрын ғана әлі тілі шықпаған балаға мекеме тәрбиешісі қол жұмсады деп күдіктенген болатын. Енді міне, содан кейін балабақшадағы бейнекамераның дәл сол баланың басы көгеретін күні «өшіп қалғанын» жазып отыр.

«Балабақшадағы жағдайы шиеленісіп барады. Бір қуанарлығы, бұған қатысты былыққа қалалық Полиция департаменті бірден реакция берді. Шаһардың бас полицейі Қанат Таймерденов осы қызметке тағайындала сала барлық аудандық Полиция басқармаларының басшыларына фейсбукте жеке парақшаларын ашуын тапсырған болатын.

Осыдан болса керек, әлеуметтік желіде жазылған мәселеге байланысты бізге бірден Алатау аудандық Полиция басқармасынан Нұрлан Ахметжанов хабарласты. Біз сол жаққа барып, аудандық ПБ Ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция майоры Алтын Қызжановамен таныстық. Арызымызды қалдырып, балабақшадағы бейнекамераны қалайда көру керектігін жеткіздік.

Сонымен, ертесі күні полицейлермен бірге «Sanya 2» балабақшасына бардық. Қырсыққанда, бейнекамерада басқа күннің бәрі бар, бірақ, нақты сол бізге ең керек бейсенбі мен жұма күнгі түсірілім қасақана «өшіп» қалыпты. Осы камералардың жұмысына жауапты Әділжан есімді азамат «бейсенбі күні таңертең регистратор өшіп қалды» деп жауап берді. Демек, бейсенбі күнгі таңғы 8.30-ға дейінгі запис бар екен. Одан кейін камера өшіп қалған», - дейді күйінген журналист.

Айтуынша, олар баланы балабақшаға бейсенбі күні таңғы 8-ге таяу апарған. Онда сәбиді балабақша басшысының кабинетінен шыққан етжеңді әйел қабылдап алған. Ата-анадан алғаш рет жырақтап отырған бала сол жерде жылап қалыпты. Міне, содан арада жарты сағат өтпей жатып, камера «өшіп қалған».

«Мұны естіген полицейлер регистратордың ішінде орналасқан «жесткий дискті» алып, экспертизадан өткізетіндіктерін жеткізді. Тәрбиеші апайы бізге жылап тұрып, «Тоқтатыңызшы аға, дәрілерін алып берейін. Мен ондайды көтере алмаймын» дейді. Ал балабақша басшысы болса, «балаңыздың басы жарылған жоқ. Көгеріп қалған деген кімде болмайды? Тоқтата салайық та» дейді.

Ол камераны уақытында көрсетпегені үшін кешірім сұрады. Мен балама нақты не болғанына көз жеткізгім келеді десем, «Жарайды, көзіңізді жеткіздіңіз дейік. Бұл жерде екі вариант бар. Біреуінде камерада ештеңе шыққан жоқ, ал екіншісінде біреу ұрды немесе тәрбиеші ұрды дейік. Ары қарай не болады?» деді балабақша басшысы.

«Егер қазір шындық айтылатын болса, онда арызды қайтарып аламын. Ал бүгін айтпайтын болсаңыздар, кейін белгілі болса, онда іс сотқа дейін барады. Камерадағы былықты әлеуметтік желіге жариялап, телевидениеге таратамын» десем, ондағылар ойланып қалды», - дейді Серік Жұмабаев.

Сонымен, камераны да, баланың басына қаншалықты зақым келгенін де сот-медициналық сараптамасы анықтайтын болды. Ал баланың ата-анасы ол істің соңына дейін басы-қасында болып, анық-қанығына көз жеткізгенше тынбақ емес.

«Айтпақшы, Алатау аудандық білім бөлімі, оның басшысы Қарлығаш Ақмурзаева да біздің көтерген мәселеміз назарға алынғанын жеткізді. Олардың да балабақшаға қатысты қандай шара қолданатынын уақытында көретін боламыз...

Біз бұл мәселеге байланысты кейбір шенеуніктерді фейсбуктегі жазбамыздың астына белгілеп қойып отырмыз. Оған олар ренжи қоймас. Мұндағы мақсат, осы салаға қатысы бар бастықтар бұл жағдайды білсе, назарға алып, қадағаласа екен дейміз.

Тағы оқи отырыңыз: «Басы үш жерден көгеріп келді» - тілі шықпаған баласын балабақшаға берген журналистің шағымы

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың әлеуметтік желіде халықпен тиімді кері байланыс орнатыңдар деген тапсырмасын шенеуніктер дұрыс орындайды деп сенейік» деген жазба авторы Білім және ғылым министрі Асхат Айымбетовтен бастап, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, қалалық Білім бөлімі, прокуратура, Полиция департаменті сынды мекемелердің бәрін тегтей кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары