$ 514.65  544.6  5.17

Елорда тұрғыны вирус жұқтырған бойжеткеннің Миланнан Ресейге, одан Қазақстанға қалай жеткізілгеніне түсінбей әлек

Гаухардың сөзінше, палаталардың іші суық екен.
Фото: gubdaily.ru
Фото: gubdaily.ru

Коронавирус жұқтырған адаммен бір ұшақтың жолаушысы болған Нұр-Сұлтан тұрғыны Гаухар Айтмұхамбетова оқшаулау жағдайына шамданды және ауруханаға барудан неліктен бас тартқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Келіншек Facebook-те жағдай туралы көзқарасын білдірді. Басында ол өзін қолдағандардың бәріне алғыс білдіріп, дәрігермен сөйлескенін айтты.

Қазақстандық арудың сөзінше, ол дәрігермен оқшаулау жайында ғана емес, вирусты жұқтырған жолаушылармен бірге ұшып келгендердің психологиялық жағдайы жайлы сөйлесіпті. Сондай-ақ, Гауһар карантинде жүргендердің сараптамалары әлі дайын емес екенін айтты.

Гаухар вирус жұқтырған бойжеткеннің Миланнан Ресейге, одан соң Қазақстанға қалай жеткізілгенін түсінбейді. Гауһар біріншіден, оларды "голливуд киносындағыдай" дабыл белгісі қосылған полиция көліктерімен алып кеткендеріне шамданды. Оның сөзінше, әйел екі баласын жайғастырып болмайынша, бір жаққа барудан бас тартқан, кіші ұлы қатты шошынып, жылай беріпті.

Әйел оларды өзге стационарға жатқызудың орнына тубдиспансерге алып келгенін айтты. Келіншектің пробиркаларды жиі шатастырып отырған қызметкердің жұмысына көңілі толмады, оған қоса, жалпы мекеменің дайын болмағанын айтты. Медициналық қызметкерлердің қан алғаннан кейін, тіпті, жабыстырғыштары табылмаған.

"Бізде ҰОС, блокада болып жатқан жоқ, біз қылмыскер емеспіз", - дейді әйел. Гаухардың сөзінше, палаталардың іші суық екен.

Бір ескерерлігі, Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін. Бұл шешімді елорданың бас санитар дәрігері қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары