Әлемді дүрліктірген коронавирус дертіне қарамастан, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар қоры» алыс-жақын шетелдегі қандастардың басын қосқан «ONLINE-NAURYZ» мерекелік іс-шарасын ұйымдастыруды ұйғарыпты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Онлайн режимде өткен шараға АҚШ (Бостон, Чикаго), Иран, Германия, Швеция, Дания, Моңғолия, Ресей және Түркия мемлекеттеріндегі қазақтар белсене қатысып, атамекеніне деген сағыныштарын жеткізді.
Осылайша, дүниежүзіндегі қандастар бірін-бірі мерекемен құттықтап, барша қазақ халқына ыстық лебіздерін жеткізді. «Отандастар қорының» вице-президенті Мағауия Сарбасов та барлық қатысушыларға ұлық мейрамға орай игі тілегін білдірді.
Тағы оқи отырыңыз: «Оқушылар ғашықтық оқуға ауысады» - Білім басқармасы басшылығына «көктем әсер етіп» жүр ме? (ВИДЕО)
Енді ұйымдастырушылар тарапынан осындай іс-шараны келешекте де өткізу жоспарланып отыр.