Наурыздың 18-інде Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова онлайн-брифинг өткізіп, көпшілік алдында сөзден оңбай сүрінді. Брифинг барысында ол мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығының орындалуына орай, білім беру саласында іске асатын шаралардың жайын айтуы тиіс болған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Білдей бір мегаполистің білім саласына жауапты басшылықта отырған Гүлнар Айтқұлова өзінің ана тіліндегі сөзді қағаздан дұрыс оқып бере алмай, ежіктеп шықты. Осылайша, ол өздерінің оқушылар мен студенттерді қашықтықтан оқыту міндетін қалай жүзеге асырып жатқандарын жеткізбек болған. Сөзбе-сөз келтірейік...
«Және де, егер де осы карантин жалғасқан кезде, және де 5 сәуірде каникул аяқталған кезде оқушылар ғашықтық оқуға ауысады. Осыған байланысты қазіргі таңда Алматы қаласы Білім басқармасы министрлікпен бірігіп, дайындық жұмыстарын жасап жатыр. Ғашықтық оқуға балаларды қалай ұйымдастырып оқытуға байланысты. Және де колледж студенттері 16 наурыздан бастап ғашықтық оқуда. Оларға арнайы бағдарламамен, арнайы тестпен, арнайы электрондық форматта ғашықтық оқу ұйымдастырылды», - деді тікелей эфирде Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары.
Әлде, бұл кісілерге «көктем әсер етіп» жүр ме екен?..