$ 449.3  489.69  4.89

«Мыналар қай тесіктен кіріп-шығып жүр?»: елімізде «бейғам бекеттерге» қатысты сын-пікірлер өршіп барады

«Бәсе, інім келем деп қоймайды. Мен жат ауылда деймін. Блокпост жабық десем, күледі, ел өтіпті деп. Коррупция ғой, ұзын сөздің қысқасы».
фото: total.kz
фото: total.kz

Әкімдер карантинге жабылған өңірлердің «төбесінен құс ұшпайды» дегендей қылып еді. Бірақ, таксилер өтіп кете беретін сияқты. Ол туралы журналистер ара-тұра әлеуметтік желілерге жазып қойып отырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін тағы бір әріптесіміз Әсел Ергешқызы facebook парақшасына Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігін тегтеп тұрып, такси жүргізушілерінің қаладан қалаға емін-еркін кіріп-шыға алатындарын айғақтайтын хабарландырулардың скриншотын жариялады.

«Нұр-Сұлтанда шекара жабық дейді. Сонда мыналар қай тесіктен кіріп-шығып жүр? Үнемі жүретіндер реклама бергенде лентада басында тұру үшін күнтізбенің келесі айының күндерін қойып қояды да, «Уақытқа қарамаңыздар», «Кез келген уақытта шығамыз» деп жазып қояды. Таксисттердің бәрі блокпосттың жанында күтіп тұрады. Адамдар емін-еркін кіріп-шығып жүр деген сөз бұл!» - дейді ол.

Енді өзге тілшілердің осы жазба астына қалдырған пікірлеріне ойысайық...

«Тек такси ғана болса қанекей... Просто көп оқырман жазды, таксилерді қараңызшы деп. Даже те которые на автобусе спокойно проехали...», - дейді тележүргізуші Асхат Садырбай.

«Айқын» газетінің тілшісі Халима Тәжіқұл да: «Бәсе, інім келем деп қоймайды. Мен жат ауылда деймін. Блокпост жабық десем, күледі, ел өтіпті деп. Коррупция ғой, ұзын сөздің қысқасы», - деп таңқалып отыр.

Қоғам белсендісі, белгілі педагог Аятжан Ахметжанұлы болса, «Қорғалжындық ағайынды екі жігіт таксит екен. Бірі бер жақтан адам жинап апарады, бірі ар жақтан әкеледі. Екеуі адамдарын алмастырып, екі жаққа қайта кетеді екен... Тек машина өтпейді... Біздің қоғам оңбаймыз», - деп өзі білетін бір шындықты айтты.

Ондай шындық Айсұлтан Жақыпов атты әріптесіміздің де көкейінде сайрап тұр екен. «Астанаға кіру мүлдем жабылды деген соң, 3 күн шамасында Қарағанды вокзалынан Астанаға адам жинап тұрған такси көргем», - деді ол.

Бұл ретте, біз көпшілік талқысына тек көргені мен жақын-жуықтарының басынан өткен жайттарды өз аузынан естіп қана ұсынатын журналистердің сөздерін жариялап отырмыз. Әйтпесе, бұл жазбаның астында басқа да «көзі тірі куәгерлердің» пікірлері жеткілікті.

Тағы оқи отырыңыз: «2-5 мың беріп, вирустар қыдырып жүр»: карантин бекеттерінен жұрттың пара беріп өтіп жүргені рас па?

Мұндайда қарапайым бұқараның көкейін тескен жалғыз-ақ сұрақ бар, «Үкімет не қарап отыр?» деген. Ал осыған кім жауап береді?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары