Әлеумет 31.03.2020 сағат 05:15

«Сандуғаш қара халықты жамандады демеңіздер...»: қызын ұзатқан әкені көршісі «ұстап берді» (ВИДЕО)

Тексеру жұмыстарының нәтижесінде, 27 наурыз күні сағат 17:30 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны қызының ұзату тойын жасағаны анықталды.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қызылорда облысында төтенше жағдайға қарамастан, қызының ұзату тойын жасаған қызылордалық жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

27 наурыз күні төтенше жағдай кезінде ескертулерге құлақ аспай, той өтіп жатқаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында кеңінен тарады. Полиция қызметкерлері бұл деректі дереу тексеруге кірісті.

Тексеру жұмыстарының нәтижесінде, 27 наурыз күні сағат 17:30 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны қызының ұзату тойын жасағаны анықталды. Той иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.

Еске сала кетсек, біз бұған дейін сол тойдың өтіп жатқаны туралы «Секең-секең етіп билеп жүр»: төтенше жағдай жарияланғанына «пысқырмаған» жаңақорғандықтар той тойлады» деген материал жариялаған болатынбыз.

Сол сәтте той иесінің көршісі қыз ұзату рәсімін видеоға түсіріп тұрып: «Халыққа бір жерге үйірілмеңдер, жиналмаңдар, болмайды деп ескертсе де, секең-секең етіп билеп жүр. Қара халықты жамандап жатқаным жоқ. Енді, Сандуғаш қара халықты жамандады демеңіздер! Дұрыс емес қой, енді мынау!», - деп сампылдаған еді. Сірә, тойға шақырылмай қалған болса керек...

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар