$ 510.08  539.61  5.15

«Не пәле мынау?!»: қоғам белсендісі 42500-ге онлайн түрде өтініш тастай алмай жатқандарды сынады (ФОТО)

Компьютердің Қазақстанда енгені қай уақытта еді? Сол пішпе той, бір жас, құдалық, келін шай, есік көрсету, шілдехана, 60 жас, мүшел жас, т.б. қаншама бір күндік ішіп, шығаратынға бола бәленбай сумма жұмсаймыз. Соның орнына бір компьютер немесе ноутбук алып, елмен бірге болайын.
Фото:  Pit-Stop.kz
Фото: Pit-Stop.kz

Facebook белсендісі Жайна Бекмұхамбетқызы 42500 теңге ала алмай, сайтты кінәлап жатқандарды орнына қойды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

ЭЦП алу жүйесі бізге осыдан 4-5 жыл бұрын енгенмен, әлі де заман ағымына ермей қалғандардың қарасы көп. Осы орайда, қоғам белсендісі өсек дегенде алдына жан салмайтын, бірақ, іске келгенде қолынан түк келмей, үкіметті кіналайтындарды жерден алып, жерге салды.

Оның ойынша, қара халық әркімнің сөзіне еріп, қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмай отыр. Барлық мәселені материалдық жағдайға тіреп қойып жатқаны қаншама?! 

"Қазақстан артта қалдық дегенде жан салмайсыздар. Цифрлі технологияның кіргеніне қаншама уақыт өтті. Дамымай,артқа тартып жүрген өздеріміз екенін түсіну қиын ба? ЭЦК кілтті қолданғалы 4-5жылдай өтті. Сол аралықта цифрлі технологияны меңгеріп алуға болар еді. Сайттарда өсек жазып,активно болғаннан гөрі. Шет елдіктер баяғы да ақ бастап кетті.

Біздер технология меңгеру үшін қолымыздағы смартфонның қаншама пайдасы бар функциялар орналасқанын да зерттемейміз. Ватсапп пен ютуб, фейсбук ашса болды деп. Білмейміз дей беруге ұялу керек қой.

Компьютердің Қазақстанда енгені қай уақытта еді? Сол пішпе той, бір жас, құдалық, келін шай, есік көрсету, шілдехана, 60 жас, мүшел жас, т.б. қаншама бір күндік ішіп, шығаратынға бола бәленбай сумма жұмсаймыз. Соның орнына бір компьютер немесе ноутбук алып, елмен бірге болайын. Заманнан қалмайын. Заман талабына ілесе алмай, жұмыстан айрылмайық, - деп адам болашағын ойласа ғой.

Менің Әкем жасы келсе де, әлі күнге дейін цифрлі технологиялардың программадарын өзі үшін меңгеріп үйренумен келеді. Үш жылдан кейін Құдай қаласа пенсияға шығады. Соның өзінде, отчет, план жазады. Жастарға күнім түспесін, мекеменің жұмысының кадрын босқа артқа тартып, масыл болмайын деп өзі үшін игеріп келеді. Дүркіретіп қонақ жасамасақ та, отбасының жауапкершілігін соңына дейін алып өтуі үшін заман талабына бағынып жүр.

Бірдеңе айтса болды, "жоқ, жоқ, білмейміз, ми ашыды" деп атып шығасыздар. Ал, мемлекеттің рейтінгісімен басқа мемлекеттің дамығанын салыстырып, өзіміздің елді кемсітуден жан салмайсыңдар. Артқа тартпай, тірілейік. Не пәле мынау?! Вечно жоқтан басқа, талпынып көрейік, амалын қарастырайық деу жоқ. Тек сайтта экранның ар жағында отырып сынағыш бәрін", - деп ашуланды ол жазбасында.

Сонымен қатар Жайна Бекмұхамбетқызы халықты "түсінуге тырыспайтын" режимді өшіріп, көшке қосылуға шақырды. Айдаладағы адамдардың өмірін аңдып, өсек теріп жүргеннен гөрі, цифрлы дамуды қолдап, қолға алуды ұсынды.

"Ұялыңдар! Қашанғы артта қала береміз? Көшпен бірге жүрейік. Алдағы кезең цифрлі кезең. Оны білмегендер жұмыстан шығарса, тағы да жылайсыздар. Уақытты тиімді ізденіске пайдаланайық. Билікпен жұлдыздардың өмірін аңдығанша", - деп аяқтады ол сөзін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары