$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан мұсылмандары Оразада ауызашар жасай алмауы мүмкін

Сонымен қатар, Рамазан айында оқылатын әдеттегі тарауих пен таң намазын ұжымдық оқуға тыйым салынады.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қасиетті Рамазан айы биыл 25 сәуірде басталады. Алайда, ораза ұстау міндет болғанмен, ауызашар жасауға тыйым салынбақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазТаг-қа сілтеме жасап.

Қазақстан Мұсұлмандары Діни басқармасының хабарлауынша, елдегі төтенше жағдайдың талаптарын ескере отырып, осындай шешім шығарылуы мүмкін.

Сонымен қатар, Рамазан айында оқылатын әдеттегі тарауих пен таң намазын ұжымдық оқуға тыйым салынады.

«Соңғы шешім әлі қабылданған жоқ. Ораза айт оразасының басталуына жақын ресми фатва шығарылуы мүмкін. Діни басқарма ресми түрде хабарлайды. Алда 20-25 күн уақыт бар», - деп атап өтті рухани басқарма өкілі.

Еске сала кетсек, биыл Рамазан айы 25 сәуірден 24 мамырға дейінгі кезеңге келсе, Қадір түні 21 мамыр, ал Ораза айт 24 мамырда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары