Stan.kz біз күнделікті тұрмыста вирустан қорғану үшін залалсыздандыруды ұмытып кеткен бірнеше заттың тізімін жасап көрді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол тізімге адамдар күніне бірнеше рет қолданатын, бірақ, оларды тазартқышпен тазартудан бейхабар заттар кіреді. Мысалы, бірінші кезекте дезинфекциялауды қажет ететін зат – санитарлық тазарту құралы. Айналасындағылардың барлығын дезинфекциялай отырып, ол өзі әртүрлі бактериялардың өсу алаңы болып қала бермек.
Сондай-ақ, тізімде сағат, қарғыбау, зарядтағыш құрал, құлаққап, кілттер және теледидарға арналған пульт бар. Адамдар бұл заттарды жиі қолданады, бірақ, оларды әрдайым дезинфекциялау керектігін біле бермейді.
Сонымен қатар, бүгінде дәрігерлер есік тұтқаларын, балалардың ойыншықтары мен тарақтарын антисептикалық өңдеу керектігін ескертіп жатыр.