$ 494.87  520.65  4.91

Сыртқа өнімдерін өткізе алмай жатқан Түркістан облысының дихандары аш қалуы мүмкін (ВИДЕО)

Шаруа қожалығы иелерінің айтуларынша, олар өнімдерін Ресейге уақытында жеткізіп үлгермесе, қаншама тонналаған қырыққабат жатқан орнында текке шіріп кеткелі тұр.
фото: shymkenttv.kz
фото: shymkenttv.kz

Қазір Түркістан облысында қырыққабат еккен шаруалар Ауыл шаруашылығы министрлігіне шағымданып отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айтуларынша, өнімдерін Ресейге уақытында жеткізіп үлгермесе, қаншама тонналаған қырыққабат жатқан орнында текке шіріп кеткелі тұр. Себебі, министрлік оларға әлі күнге дейін тауарын сыртқа өткізу жөніндегі рұқсат қағазын бермеген.

«Егер бұларды сатып үлгермесек, біздің есебімізден әр күніне 3 мың теңгеден алып, күнін көріп отырған тұтас бір ауыл халқы – дихандарымыз аш қалғалы тұр», - деп шыр-пыр етеді шаруа қожалығының иелері.

Ол туралы видеоны бүгін Болатбек Әлиев есімді азамат facebook парақшасына жүктеді. Оның сөзінше, бүгінде өзбек дихандары өз өнімдерін Ресейге еркін жөнелтіп, сол үшін дихандарын жарылқайтындай ақша алып жатыр. Ал біздің АШМ-ның жергілікті көкөністерді тасымалдауға тыйым салу туралы 22 наурыздағы бұйрығының салдарынан, Түркістан облысында осындай жағдай болып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары