$ 494.87  520.65  4.91

Өскен зейнетақы мен жәрдемақы қазақстандықтарға қашаннан бастап беріледі? - маман жауабы

Ол барлық зейнетақының сәуірде автомат түрде қайта есептелетінін айтты.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов индекстелген зейнетақы мен жәрдемақының қазақстандықтарға қашан берілетінін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске салайық, мұның алдында Президент Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақының 10 пайызға дейін индекстелетінін айтқан еді.

Нарматовтың айтуынша, 2020 жылдың  1 сәуіріне дейін тағайындалған зейнетақы 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 5 пайызға өседі.

"Алматыдағы 230 мың зейнеткер индекстелген зейнетақы алады. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 5 пайызға өсірілген еді. Енді олар тағы 5 пайызға өседі. Нәтижесінде бір жылда зейнетақы 10 пайызға өсті", - деді Нарматов.

Ол барлық зейнетақының сәуірде автомат түрде қайта есептелетінін айтты.

"Зейнеткерлерге мемлекеттік орталыққа зейнетақы алу үшін барудың қажеті жоқ, барлығы автомат түрде жүргізіледі. Көбейтілген зейнетақы мамырда беріледі, сондай-ақ, мамырда сәуірде қосылған зейнетақы беріледі", - деді Нарматов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары