$ 494.87  520.65  4.91

«Жұмысқа орналасты» деген өтірік отчеттарыңды да білеміз»: журналист мединституттарды жаба салуды ұсынды

Жас мамандардың 70-80 пайызының "дипломы сандықтың түбінде жататынын" алға тартты.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Коронавирус індеті ел арасына жайыла бастағалы бері көп сынға ілігіп жүрген саланың бірі - медицина. Әсіресе, дерт жанын жеген науқастың диагнозын дәл тауып, қиналғандарға қол ұшын созатын дәіргерлердің жанайқайы мен оларға төленетін жалақы мәселесі өзекті болып тұр. Осы орайда, белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы жауапты тарапқа медицина мамандарын "жұмыспен қамти алмасаңдар, мединституттардың жаба салыңдар" деп шүйлігіп отыр. Бұл ұсынысын ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қордаланған мәселе жайлы "әу" деп қалып, азаматтық пікірін білдіруден тартынбайтын Сәуле Әбілдаханқызы, сонымен қатар, жас мамандардың 70-80 пайызының "дипломы сандықтың түбінде жататынын" алға тартты.

"Дәрігер тапшылығы індет кезі түгіл, құдайдың тыныш заманында өзекті мәселеге айналған еді. Енді он есе проблемаға айналды. Емхана, ауруханаларда штатты қысқартып-қысқартып, екі емханаға бір маманнан қалдырған едіңдер. Халық дәрігерден бұрын, тілдей талонға қолы жетпей, талон кезегіне бір апта бұрын тұратын, квота туралы айтпай-ақ қояйық!

Енді дәрігер, медбике штаттарын көптеп ашыңдар! Айлықты қызғанып, оларды жұмыспен қамти алмасаңдар, мединституттарды жаба салыңдар! Жалпы, барлық ЖОО-ын жаба салыңдар! Бәрібір сендерге маман қажет емес. Бәрібір жас кадрдың 70-80 пайызы дипломын құшақтап, жұмыссыз далада қалады. "Жұмысқа орналасты" деген өтірік отчеттарыңды да білеміз!", - деген журналистің көңілі күпті көрінеді. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары