$ 444.22  476.38  4.82

«Мұрны жоқ адамдарды көріп тұрмын, осы жылдан қорқамын»: экстрасенстер коронавирус жайлы болжам жасады

"Ешқандай мемлекет COVID-19 вирусына қарсы ем, вакцина таппайды. Бұл вирус ыстыққа шыдамайды", - дейді экстрасенс.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Танымал көріпкелдер мен сандарды сөйлететін нумеролог маман вирус қашан бітетініне және карантин қашанға дейін созылатынына болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz, "TALKLIKE" жобасына сілтеме беріп.

Экстрасенстер арасындағы шайқастың жеңімпазы Камрян Самедов коронавирус жазға дейін созылады деп пайымдайды.

"Карантин мамыр айына дейін жалғасады. Себебі солай болуы тиіс. Аурудың таралуы жазға дейін созылады. Карантин адамдар қауіпсіздігі үшін мамырдың соңына дейін болуы керек. Адамдар үйден шықпай, ұаншалықты карантин режимін сақтаса, соншалықты жұқтыру саны да аз болады", - дейді ол.

Осыған дейін Камрян Самедов Қазақстанда 2000-ға жуық адам жапа шегеді деп болжап, Қытайға әуе жолдарын жабу керек екенін айтып, билікке үндеу жолдаған болатын.

 "Ешқандай мемлекет COVID-19 вирусына қарсы ем, вакцина таппайды. Бұл вирус ыстыққа шыдамайды. Екі ел Түркия, АҚШ осы ауруды алдын алуға жақсы шаралар жасайды. Еуропа елдерінде адам шығыны көп болады: Италия, Испанияда. Одан кейін АҚШ-та көп адам көз жұмады", - дейді экстрасенс.

Болжамы бойынша, бүкіл әлемде вирустан 1,5-2 млн адам көз жұмады. 

"Биылғы жылдың саны бүкіл әлем бойынша 4 болып тұр: бұл медицина, денсаулық саны. Ал Қытайда тіпті, өлімді білдіреді. Билікте өзгерістерді көре алмадым. Келер жылы болуы мүмкін, әлеуметтік жағдай қиындық болады деп ойламаймын. Қыркүйек айында экономикалық тұрақтылық орнайды. Халық атажұртқа қайта оралатын жыл болады", - нумеролог маман Құралай Бақытқызы.

Экстрасенс Бақыт Жұматова мамыр айында вирустың күші жойылады деп болжайды.

"3% беріп отырмын. Ең көбі отыз адам көз жұмуы мүмкін. Сәуір-мамыр айында Мәскеуде вакцина пайда болуы мүмкін.
Ал экономикалық жағынан, доллар 600-ге дейін көтеріледі, маусым-шілде айында 350-ге түсуі мүмкін. Бүкіл әлемде мемлекет басшылары ауысады", - дейді ол. 

Айтуынша, алдағы жылдары әлемде су тапшылығы орнауы мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстанда жаңа қалалар бой көтереді.

"Бұл вирус жай ғана сынақ. Ал 2024 жылы нағыз эпидемия, соғыс болуы мүмкін. Мұрны жоқ адамдарды көріп тұрмын, сондықтан осы жылдан қорқамын", - деп қорытындылады экстрасенс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары