$ 448.56  478.03  4.79

42 500 теңгенің жыры: өтінімді тексеруге арналған сайт функциясы іске қосылды

Мусиннің айтуынша, 42 500 теңгеге өтінімнің қарастырылу жағдайы бірден көрсетіледі. Бір құрылғыдан бір сағат ішінде 3 өтінішті тексеруге болады.

42500.enbek.kz сайтында 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақы алуға жіберілген өтінімді қарастырылу жағдайын тексеру мүмкіндік туындады. Бұл туралы instagram-да президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі Бағдат Мусин мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz.

Айтуынша, қазақстандықтар соңғы күндері жәрдемақыға байланысты сұрақтар бойынша көп сұраныс жасаған, бірақ осы уақытқа дейін ешқандай хабар алмаған.
Енді сіздер өтініш қарастырылу жағдайын төмендегідей тексере аласыздар:

1) 42500.enbek.kz сайтына кіру
2) «Қолданбаның күйін тексеру» батырмасын басу,
3) ЖСН және жеке куәлік нөмірін енгізу,
4) «Мен робот емеспін» белгісін қойып, «Тексеру» батырмасын басу керек.

Мусиннің айтуынша, 42 500 теңгеге өтінімнің қарастырылу жағдайы бірден көрсетіледі. Бір құрылғыдан бір сағат ішінде 3 өтінішті тексеруге болады.

 Айта кетейік, бұл ақпарат хабарланғаннан кейін бірер сағаттан соң қолданушылар сайттың істен шыққанын айтып шағымданған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары