$ 498.34  519.72  4.85

«Қазақ елі коронавирусқа алғыс айтуымыз қажет!»: кәсіпкер індеттің келгеніне қуанып отыр

Біз сияқты жер астығына мастанып жатқан елдер мешеуленіп, артта қалып жатқанын бәріміз көріп, біліп отырмыз.
фото: 7kun.kz
фото: 7kun.kz

Бұдан біраз уақыт бұрын «Ақшасы тамағына, киіміне, баспанасына жетпеген адам – хайуан деңгейінде» деп елдің ашуын тудырған танымал кәсіпкер Ахметбек Нұрсила бұл жолы коронавирустың біздің елге келгеніне дән риза. Тіпті ол, коронавирустың келгеніне қуанып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ел ішінде кәсіп бастаймын деген азаматтарға тұсбағардай болып, оларға іс бастаудың жолын көрсетіп жүрген Ахметбек Нұрсиланың ойынша, "коронавирус біздің елге дер кезінде" келген көрінеді.

Ол коронавирустың пайдалы тұстарын жіпке тізіп, індет келмесе "кәсіп пен өндірісті қаперімізге де ілмей, тойханаларды салуды жалғастырып, «шегірткелеріміз бен қораздарымызды» ұлықтап біраз далақтар едік" деп топшылады. Бұл жайлы ойын ол, facebook парақшасында жазды.

"Короновирус дер кезінде келді. Мен соған қуандым!

Мәселе короновируста емес, онымен бірге келген КРИЗИСТЕ! Бұл короновирус келеді, кетеді. Карантин де жақында ашылады. Ал бұл Кризистің ерте ме, кеш пе келуі заңды еді. Егер де кейінірек келсе зардабы қазіргіден 10 тіпті, 100 есе артық болары сөзсіз.

Ғаламда ғылым мен техника қарқындап дамып, біз сияқты жер астығына мастанып жатқан елдер мешеуленіп, артта қалып жатқанын бәріміз көріп, біліп отырмыз. Жер асты байлығы шексіз емес және де жыл өткен сайын дамыған елдер көз алдымызда балама энергия көздерін тауып, шикізаттан бас тартып жатыр. Сол заманда дәл осындай кризис келгенде шаруамыз бітер еді. Қазір құдайға шүкір, әлі біраз қорымыз бар, жілік майымыз бүтін.

30 жыл құтырдық, Кризис келіп жетпегенде сол құтырғанымыз құтырған, тоқтамаушы едік. Ғылым мен білімді, кәсіп пен өндірісті қаперімізге де ілмей, тойханаларды салуды жалғастырып, «шегірткелеріміз бен қораздарымызды» ұлықтап біраз далақтар едік.

Тағы оқи отырыңыз: «Біздің дәрігерлер автоматқа қарсы күрекпен соғысып жүрген жауынгерлер тәрізді» - саясаттанушы

«Карантин - тек қана себеп»: Мұхтар Тайжанның жазбасы қызу талқыға түсті

Енді ес жиярмыз. Әр минутымызды ғылым мен білімге, әр тиынымызды кәсіпке жұмсап даму жолына түсерміз. Сондықтан біз Қазақ елі бұл коронавирусқа алғыс айтуымыз қажет!", - деп осы орайда көпшіліктің де не ойлайтынын білгісі келген сыңай танытты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары