$ 494.87  520.65  4.91

Түркістандық фермерлер еккен орамжапырақты Қазақстанның барлық өңірі сатып алуға дайын

Енді фермерлер қалған 250 мың тонна өнімді Ресей Федерациясына еш кедергісіз сата алады.

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін мамандар, биыл 8 мың гектар алқапқа ерте шығатын орамжапырақты егіп, сәуір және мамыр айларында 300 мың тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр. Шаруалар Төтенше жағдай кезінде өсірілген өнімді сақтау және сату барысында қиындыққа тап боламыз деп алаңдаушылық білдірген болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР АШМ фермерлерге көмек ретінде дүйсенбі күні облыс әкімдіктерімен кеңес өткізіп, облыстарды өзара азық-түлік қоры туралы ақпаратпен алмасып, жетіспеушілік байқалған аймақтарға өнімнің артықшылығы бар өңірлерден тауар алмасуға шақырды.

Нәтижесінде республиканың барлық облыстарының жергілікті атқарушы органдары жақын арада Оңтүстік Қазақстан облысынан 50 мың тонна ерте шығатын орамжапырақты сатып алуға дайын екендіктерін хабарлады.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімді экспорттау үшін қажетті фитосанитариялық сертификаттарды жедел түрде беруде. Енді фермерлер қалған 250 мың тонна өнімді Ресей Федерациясына еш кедергісіз сата алады.

Бүгінгі таңда Шымкент және Түркістан облыстары бойынша, 14 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері – 4 мың тоннаға жуық орамжапырақ үшін 204 фитосанитариялық сертификат алды.

Тез бұзылатын өнімдерді кедергісіз тасымалдау үшін фермерлердің автокөліктеріне «#BizBirgemiz Түркістан облысының азық-түлік өнімдері» деген жазбамен логотип жабыстырылады. Мұндай жапсырмалар фитосанитариялық және карантиндік сертификаттармен бірге берілетін болады", - делінген АШМ-нің ресми хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары