$ 494.87  520.65  4.91

Дәулет Тұрлыханов туған жерінің 6 ауданына 78 тонна азық-түлік жөнелтті

Оның атынан Шығыс өңіріндегі Жарма, Тарбағатай, Абай, Аягөз, Көкпекті және Үржар аудандарындағы аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы ата-аналарға және әлеуметтік осал топтарға қайырымдылық көмек жасалды.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылының тумасы, грек-рим күресінен КСРО және Қазақстанның спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, даңқты палуан Дәулет Тұрлыханов жерлестеріне көмек қолын созды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, adyrna.kz-ке сілтеме жасап.

Бүкіл әлемді дүрліктіріп жатқан індетке байланысты көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратуды қолға алған даңқты палуан ШҚО-ның 6 ауданына керуен аттандырды.

Дәулет Болатұлының атынан Шығыс өңіріндегі Жарма, Тарбағатай, Абай, Аягөз, Көкпекті және Үржар аудандарындағы аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы ата-аналарға және әлеуметтік осал топтарға қайырымдылық көмек жасалды.

Аталған аудандарға ең басты қажеттілік – ұн, қант, күріш, май сынды азық-түліктерден тұратын, жалпы салмағы 78 тонна жүкті тиеген 7 көлік жөнелтілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары