$ 494.87  520.65  4.91

42 500 теңгені мобильді банкингтер арқылы қайтаруға болады

Егер өтініш беруші қателесіп, әлеуметтік төлем алған болса, бірақ бұл қаражатты қайтару қажет деп санаса, 42 500 теңгені келесі шотқа жібере алады.
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Төтенше жағдай кезінде 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алғандар қаражатты қайтарғысы келсе, Халық банк пен Каспий банкте шоттары бар азаматтар, «Әлеуметтік төлемдерді қайтару» тетігін таңдай отырып, 42 500 теңгені банктердің ұялы қосымшасы арқылы қайтара алады. Бұл туралы Р Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап, Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

«42 500 теңге» әлеуметтік төлемі бойынша барлық тағайындаулардың негізі ТЖ тәртібі аяқталғаннан кейін бекітілген заң жүзінде қайта тексерілетінін мәлімдейміз. Әр өтінімге қатысты ұсынылған деректердің шынайылығына жауапкершілік жүктелген, оның ішінде, әлбетте басты себеп – ТЖ кезіндегі шектеулер салдарынан табыстан айырылу. Осылайша ел азаматы «42 500 теңге» төлемге өтінім бере отырып, ТЖ уақытына дейін кірісі болғанына және оны жоғалтқанына кепілдік беретінін растайды. Әлеуметтік төлемдерді заңсыз алған адамдардың жауапкершілікке тартылуы олардың жасаған заңсыз әрекетіне байланысты болады", - делінген министрлік хабарламасында. 

Әлеуметтік төлем алушылардың заңсыз іс-қимылы Қылмыстық кодекстің аясында қарастырылады (190, 195 баптар). Егер өтініш беруші қателесіп, әлеуметтік төлем алған болса, бірақ бұл қаражатты қайтару қажет деп санаса, 42 500 теңгені келесі шотқа жібере алады: Алушының атауы: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ:            

БСН: 160440007161           

БСК: GCVPKZ2A           

ЖСК: KZ67009SS00368609110           

ТТК: 049        

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары