$ 442.05  474.14  4.74

Желіде лауазымды кісінің кеудесіне жастық жауып түскен суреті тарап жатыр (ФОТО)

Кітап оқу, спорт жаттығуларын жасау, ән салу сияқты бастамалармен қатар, шашты алып тастау челленджі де жаппай қолдау тапты.

Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасарына ұқсас адамның жатын бөлмеде кеудесіне жастық жауып түскен фотосуреті әлеуметтік желіде тарап жатыр. Фотосуреттегі Берік Әбілбеков пе деген сұрақты департаменттің баспасөз қызметіне жолдадық, деп хабарлайды Azattyq-ruhy.kz.

Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек желіде тарап жатқан азаматтың фотосуреті Берік Әбілбековке тиесілі екенін айтты. Бірақ лауазымды қызметтегі полиция өкілінің отбасылық мақсатта түсірілген фотосуреті қалай желіде тарап кеткенін анықтау үшін тексеру басталған.

«Қазіргі таңда Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасынының қызметкерлері қызметтік тексеруді бастап кетті. Алдын ала мәлімет бойынша бұл - отбасылық сурет. Өзінің отбасы арасында тараған. Қазіргі таңда тексеру нәтижесінде шешім қабылданады деп ойлаймын», - дейді Салтанат Әзірбек.   

Айта кету керек, әлемде, соның ішінде Қазақстанда да төтенше жағдай кезеңінде уақытты тиімді өткізу үшін түрлі флешмобтар мен челлендж түрлері пайда болды. Кітап оқу, спорт жаттығуларын жасау, ән салу сияқты бастамалармен қатар, шашты алып тастау челленджі де жаппай қолдау тапты. Соңғысын көпшілік сұлулық салондарының жұмысы тоқтағандықтан, осындай қадамға баруға мәжбүрміз деп түсіндіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары