$ 494.87  520.65  4.91

Бұрын АҚШ-та тұрған: 42500 теңге ала алмаған жерлесіміздің шотына 1200$ түскен

Тіпті, сол 1200 долларды алу үшін ешбір өтініш те жазбаған екен.

Елімізде төтенше жағдай кезінде бөлінген 42 500 теңгенің жыры әлі бітпесе, АҚШ, тіпті, бұрын елде тұрған азаматтарға 1200 доллардан беріп жатыр. Алпауыт елдің көмегіне ілінгендердің арасында біздің жерлесіміз Әйгерім Сүгірбекова бар. Ол да басқа жерлестерімізбен қатар 42 500 теңгеге өтініш жолдаған, бірақ, мемлекет оны беруден бас тартқан. Есесіне оған АҚШ-та 2018-2019 жылдары жұмыс істеп, салық төлеген резидент ретінде 1200 доллар бөлініпті, деп хабарлайды Stan.kz.

Айтуынша, ол 2018-2019 жылдары АҚШ-та жылжымайтын мүлік саласында менеджер болып жұмыс істеп, салық төлеген. Сондықтан төтенше жағдай кезінде төленген салықтары есебінен әлеуметтік көмек көрсетілген. Тіпті, сол 1200 долларды алу үшін ешбір өтініш те жазбаған екен.

«Мен әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш жазбадым. Аталған сома шотыма түсіп тұр екен. Қазір елге оралып, осында жұмыс істеймін. Қазақстанда да салық төлеймін, бірақ, маған 42 500 теңге беруден бас тартты. Себеп ретінде бір айда екі кіріс болғанын көрсетті.

Неге екенін білмеймін, себебі мен тек бір жұмыста істеймін. Төтенше жағдайға дейін бір ай бұрын басқа компаниядан ауысқан болатынмын. Өткен жұмысым менімен есеп айырысқаннан кейін бір айда екі кіріс көзі көрсетілген. Бірақ, бұл екі табыс көзі бар дегенді білдірмейді», - дейді Әйгерім.

Қазір оның жұмыс орнында төтенше жағдайға байланысты жалақылары мен жұмыс сағаттары қысқартылған екен. Сондықтан жерлесіміз мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекке өтініш жолдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары